Университет жаңалықтары

Кәсіби әріптестік аясында

Ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі университетіміздің өзге ЖОО-мен кәсіби әріптестік іс-шараларын жандандыру және біліктілікті арттыру  бойынша қызмет көрсету аясын арттыру мақсатында 2020 жылғы қаңтардың 6-ы мен 17-і мерзімі аралығында «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылар құрамына «Заманауи оқыту технологиялары» курсы бойынша ақылы негіздегі біліктілікті арттыру курсын өткізді.

ҰБТ - 2020 тікелей көрсетілім

М. Әуезов атындағы ОҚМУ - де өтіп жатқан ҰБТ - 2020 тікелей көрсетілімін төмендегі сілтемелер арқылы көреаласыздар. 

«Инновациялық технологиялар және оқу нәтижелерін бағалау»

Мухтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары 2020 жылы 13 қаңтарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің ұйымдастыруымен «Иннова-2020» Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына «Инновациялық технологиялар және оқу нәтижелерін бағалау» онлайн-секциясына қатысты. Онлайн секцияға Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті (Абакан қ., Ресей) қосылды. Онлайн секцияға 43 профессор-оқытушылар құрамы және факультеттер мен жоғары мектептер әдістемелік комиссиясының төрағалары қатысты.

«Auezov University 2020» Қысқы мектебі

2020 жылдың 13 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ, Астана халықаралық қаржы орталығы, инженерлік білім беру қауымдастығы, INFORMASCOPE акциясының сертификатталған сарапшылары мен жаттықтырушыларының қатысуымен «Auezov University 2020» Қысқы мектебі басталды.

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

10.01.2020жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Парасат» басқармасы ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді мақаласы аясында «Парасаттылық дәрісі» өтті. Дәрісті университет бірінші проректоры Қайрат Еңбекшіұлы мен Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Сәкен Аралбайұлы жүргізді. Дәріс барысында Қайрат Еңбекшіұлы ғұлама еңбектерін жастарға насихаттау маңыздылығына тоқталып, Абайға деген құрмет- ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі екенін түсіндірді.

«ЖОО ЖАҒДАЙЫНДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛІ»

2020 жылы 14 қаңтарда Мухтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен, «Рухани Жаңғыру» Шымкент қалалық кеңсенің басшысы және жоғарғы оқу орындардың қоғамдық сананы жаңғыртудың жобалық кеңселернің өкілдерінің қатысуымен «ЖОО ЖАҒДАЙЫНДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛІ» атты семинар-тренингін өткізеді.  

Эразмус +

2019 жылғы 26 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не ресми сапармен Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры Ш. Тасболатова келді. Сапардың негізгі мақсатыЕуропа-Азия елдеріндегі жерді сақтау саласындағы университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық» жобасына әсер ету мониторингін жүргізу.

«ЖЫЛ СТУДЕНТІ - 2019»

24.12.2019 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «ЖЫЛ СТУДЕНТІ -  2019» премиясы өтті. Аталған премияда Парасат басқармасының «Sanaly Urpaq» клубының мүшесі Мырзатай Аружан «ЖАС ҒАЛЫМ» және «Sanaly Urpaq» клубының төрағасы Әлжан Дінислам «ЖЫЛ СТУДЕНТІ – 2019» номинациясының жеңімпаздары атанды. Студенттерімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

«Саналы ұрпақ»

24.12.2019ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Парасат» басқармасында  90 жылдық тарихы бар қазақ білімінің қара шаңырағы ҚазҰАУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Исабайұлы қонақ болды. Университет ректоры Дария Пернешқызы мен Тілектес Исабайұлы  «Саналы ұрпақ» клубы мүшелеріне өз кеңестерін айтып, жастарға деген сенімін білдірді. Парасат басқармасының басшысы Гүлбақыт Сейсенбекқызы Тілектес Исабайұлын ел Президентінің Жарлығымен  2019ж ғылым мен техника саласындағы  «Әл-Фараби» атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері атануымен құттықтады!

ЖОО-дан кейінгі білім беру бойынша РЕЕСТР-ге енген Білім бағдарламаларына аудит

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ректорының 10.12.2019ж. №268-Ө өкіміне сәйкес Академиялық мәселелер жөніндегі депртамент тарапынан университет кафедралары әзірлеген жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру бойынша  РЕЕСТР-ге енген  Білім  бағдарламаларына аудит жүргізу басталды.

 Аудит мақсаты- білім беру бағдарламаларының өзектілігін анықтау, жұмыс берушілердің сұранысына сәйкестігі, сонымен қатар оларды жетілдіру.

Беттер