Университет жаңалықтары

Industrial Technologies and Engineering»– ICITE - 2017 атты IV Халықаралық конференциясы

2017 жылдың қазан айының 26-27 күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Industrial Technologies and Engineering»– ICITE - 2017  атты IV Халықаралық конференция болып өтті.

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

2017 жылы  қазанның 31 жұлдызында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжілістер залында «Қазақстанның жаңғыруы  3.0. - білімнің үлесі» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясында жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру аясында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» тақырыбындағы ақпараттық семинар болып өтті.

Семинарда қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі ділгірліктері мен оны жүзеге асыру жолдары талқыланды.  Семинардың тақырыптар аясы:

Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы

27.10.2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның мәжіліс залында «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараны университет ректоры, профессор, ҚР ҰҒА Академигі, т.ғ.д Ж.Ү.Мырхалықов ашты. Өз сөзінде кеше 26.10.2017 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев латын әліпбиінің соңғы нұсқасын қабылдап жарлыққа қол қойды. Ол жарлықта 2025 жылға дейін еліміз латын әліпбиіне өтуін талап етті. Сол үшін барлық оқу орындары мен мекемелерде латын әліпбиіне өту жұмыстары жоспарлы жүргізілуіне көңіл бөлу қажеттілігін айтты.

Қытайда білім алу

2017-2018 оқу жылының көктемгі семестрінде Қытай мұнайгаз университетінде (Пекин) білім алуға 1 курс магистранттары үшін конкурс жарияланды.
Талапкерлерге қойылатын талаптар: Ағылшын тілі деңгейі - B1
GPA - 3,6 және одан жоғары
қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 20 қарашаға дейін

Қызығушылық танытқандарға Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына хабарласыңыз. 262 каб.  Бас ғимарат.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

17 қазан 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың №9 оқу ғимаратының акт залында Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша арнайы сала мамандарының қатысуымен студент жастар арасында кездесу өтті. Іс-шараны Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Е.Р. Байқонысов ашты. Бірінші сөз кезегін Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушысы М.Қ.Ержігітов алды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ педагогикалық ұжым мен студенттерді құттықтаймыз!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ QS EECA 2017 Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердегі рейтингте 78-ші орынға ие болғанын,  өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 6 тармаққа жақсартқанын сіздерге хабарлауға қуаныштымыз.

Университеттің рейтингтегі жетістігі - бүкіл университет ұжымының еңбегі. Алдағы уақытта сіздерге жеңістер тілейміз!

Баспассөз хабарламасы

11 қазан 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың конференц-залында АҚШ-ң ЖОО-ң өкілдері  Др. Оксана Карлсонмен -Johns Hopkins University Carey Business School және Кейт Дэвиспен - Rochester Institute of Technology университет басшылығы мен студенттер арасында кездесу өтті.

Бұл кездесудің  мақсаты – АҚШ-ң ЖОО-на магистратураға  және PhD докторантураға түсуге қызығушылық танытқан студенттерге, магистранттарға және жас мамандарға  семинар өткізу.

АҚШ ЖОО-ы өкілдерінің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға іс-сапары

11 қазан 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың конференц-залында АҚШ-ң ЖОО-ы өкілдері  Др. Оксана Карлсонмен -Johns Hopkins University Carey Business School және Кейт Дэвиспен  -Rochester Institute of Technology университет басшылығы мен студенттер арасында кездесу өтеді.

Іс-сапардың мақсаты – АҚШ-ң ЖОО-на магистратураға  және PhD докторантураға түсуге қызығушылық таныткан студенттерге, магистранттарға және жас ОПҚ-ға  семинар өткізу.

Ұстаздар және ардагерлер күні.

04.10.2017 жылы ОҚМУ-дың №8 оқу ғимаратының акт залында қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастыруымен «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараны ОҚМУ-ның бірінші проректоры Ж.Т.Әйменов құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде денсаулық, өркендеу, табысқа жетуді тілеп, мерекемен құттықтады. Қоғамдық кәсіптер факультетінің мамандары ән, әртүрлі ұлттың биін орындады. ОҚО әкімінің, Нұр Отан партиясының және Облыстық Ардагерлер Кеңесінің атынан ұстаздар құрмет грамоталарымен төс белгілермен марапатталды.

Education USA АҚШ-та білім мәселелері бойынша кеңес беру орталығы 17 аккредитеттелген АҚШ университеттерінің қатысуымен білім көрмесін ұйымдастырады

Көрме бейсенбіде, 12 қазан 2017 жылы, сағат 15:00 мен 19:00 аралығында,  Shymkent Grand Hotel қонақ үйінің «Саукеле» салтанат залында өтеді. Адресі: Республика данғылы,6а. Кіру тегін.

Шақырылған университеттердің тізімі:

1.South Seattle College

Беттер