Университет жаңалықтары

Орнату және тіркеу нұсқаулары ZOOM.US

Қосымша ақпаратты төменгі сілтемеден жүктей аласыз

Ссылка 1

Ссылка 2

Ссылка 3

Zoom

Как скачать, установить и пользоваться бесплатной программой Zoom - следуй пошаговой инструкции и проводи крутые онлайн-уроки

VIII қысқы Қазақстан Универсиадасы басталды

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында спорттың 5 түрінен VIII қысқы Қазақстан Универсиадасы  басталды.

«QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының редакциялық алқасының отырысы өтті

2020 жылғы 11 ақпанда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының редакциялық алқасының отырысы өтті (онда Шымкенттен келген қызметкерлер болды), бұған дейін Қазақстан қалаларының және шетел алқалары мен редакциялық алқасының сұрақтары бойынша жұмыстар жүргізген болатын (Ресей Федерациясы, Өзбекстан).

Еске салайық, 2019 жылы «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы «Рухани Жангыру» бағдарламасы негізінде, 2012 жылы тоқтатылған «Қазақтану» ғылыми журналының жұмысын  жаңғыртты.

«Маманнан кеңес»

10.02.2020 жылы сағат 11:00де Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент  қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «Маманнан кеңес» атты акциясына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ізгілік елшісі» еріктілер тобының мүшелері қатысып, қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Академиялық ұтқырлық туралы ақпарат және кеңес беру күні

5 ақпанда академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ақпараттық-кеңес беру күнін өткізді. Осы іс-шарада орталық қызметкерлері студенттерге іс қағаздарын дайындауға және академиялық ұтқырлық бойынша академиялық семестрге шетелдік ЖОО-ға баруға түсіндіру жұмыстраын өткізді.

ETS Global Preferred Associate Network

2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ETS Global Preferred Associate Network-қа қосылды және СЕРТИФИКАТЫН алып, Оңтүстік аймақтағы ресми аккредиттелген емтихан орталығына айналды:

«Ашық есік күні»

07.02.2020ж. күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі Шымкент қаласының мектеп және колледж бітірушілеріне кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңдар эволюциясы»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Парасаттылық дәрістері» бойынша 2019-2020 жылдарға арналған медиа-жоспарына сәйкес, 06.02.2020ж «Заң» факультетінің білім алушыларына «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңдар эволюциясы» тақырыбында парасаттылық дәрісі өтті. Дәрісті университетіміздің бірінші проректоры, з.ғ.к., доцент Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлы жүргізді. 

«Шетел студенттерін оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелер»

2020 жылғы 04 ақпанда М.Әуезов атындығы ОҚМУ-нің бас ғимаратының №342 кіші мәжіліс залында «Шетел студенттерін оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы  университеттің факультет/ жоғары мектеп декандарының тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі декан орынбасарларының қатысуымен өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің шетел студенттерімен жұмыс жүргізу департаменті ұйымдастырды.

Беттер