М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттері (ШЫҰУ) аясында «Студенттерді дайындаудың инновациялық үрдістері, энергетикалық мамандарды даярлау» атты симпозиумына қатысуы

(Қытай Халық Республикасы, Пекин қаласы,

24-27 қырқүйек 2017ж.)

 

2017 жылдың қыркүйек айының  24-27 жұлдызы аралығында Солтүстік Қытай энергетикалық университетінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеттері (ШЫҰУ) энергетикалық сектор бойынша «Студенттерді даярлаудағы инновациялық үрдістер, энергетика бойынша мамандар дайындау» атты симпозиумы өткізіліп, Орталық Азия елдері мен Ресей Федерациясының өкілдері қатысты.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ж.У.Мырхалықов және оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры К.С.Байболов бастаған делегация құрамы ынтымақтастықты орнату мақсатында симпозиумға қатысуға жіберілді. Симпозиумда ШЫҰУ қатысушылары арасында энергетикалық сектордағы болашақ білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, және іс-шара аяқталғаннан кейін студенттерді дайындау үдерістерін іздестіру мен жаңарту, ғылыми ынтымақтастықты тереңдету, жас оқытушыларға арналған білім беру және ғылыми бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі міндеттер анықталып, жазғы лагерьлерде және басқа да іс-шараларда студенттік алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру қарастырылды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы симпозиумның салтанатты бөлімінде сөйлеген сөзінде, ШЫҰУ  университеттерінде ғалымдардың бірлескен күш-жігері тұрақты энергетиканы дамыту мәселелерін шешуге бағытталуы керек, энергетикалық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер, сондай-ақ энергетикалық жүйелердегі қоршаған ортаны қорғаудың күрделі мәселелерін қарастыру және ШУЫҰ аясында бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде планеталық ауқымды жобларды және Қытайдың географиялық кеңеюі мен «Бір белдеу - бір жол» инновациялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтағы біздің университеттеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда екендігін,  әсіресе энергетика саласында атап айтты. Ректор өз баяндамасында мамандарды даярлау мәселесін айтты және бүгінгі таңда ШУЫҰ жобалары көпұлтты ортада жұмыс істеуге дайын, кәсіби және жаһандық тұрғыдан ойлауға дайын мамандарға қажет екенін, көпұлтты ортада жұмыс істеуге дайын, белсенді және жаһандық тұрғыдан ойлау керек екенін және  олар серіктес елдің тілін білуі керектігін де атап өтті

Серіктестік қатынастарды орнату мақсатында М. Әуезов атындағы ОҚМУ басшылығы мен Солтүстік-Қытай энергетикалық университетінің президенті Янг Ен Пинг арасында бастамашыл кездесу өтті. Университеттер басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды және екі жақты келісім-шарт жасалды. Кездесу барысында энергетика саласындағы мамандарды бірігіп оқыту мен алмасу саласы бойынша және одан әрі ынтымақтастық туралы мәселелері талқыланды.

2017 жылдың 27 қыркүйегінде іс-сапар барысында ынтымақтастық орнату және танысу мақсатымен университет делегациясы Пекин қаласындағы Қытай мұнай университетіне барып қайтты. Шетелдік университеттің басшылығы мен ғалымдарымен кездесіп, мұнай және химиялық инжинерия саласындағы мамандарды даярлау бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірлескен магистрлік бағдарламаларды әзірлеу бойынша 2 келісім-шартқа қол қойылды.