М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық орталығының апталық семинары (Шымкент қ. Филиалы)

Ғылыми-зерттеу басқармасының басылымдар қызметтері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын интеграциялау бөлімдері 2018 жылдың 26 ақпанынан 2 наурызына дейін  «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан  филиалының қызметтері апталығын өткізді.

Web of Science деректер базасына енгізілген журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау.

Іс-шара аясында оқыту семинарлары мынадай тақырыптарда жүргізілді: ғылыми-техникалық ақпараттар жинағы: ғалымдардың анкетасы(сараптаушы), “Жаңа технологиялар” картасы, импакт-факторы бар ғылыми журналдардағы басылымдар тізімі, ҒЗЖ тіркеу және ғылыми зерттеулер бойынша есептерді рәсімдеу, докторлық диссертацияларды техникалық  рәсімдеу, “Антиплагиат” базасының жүйесі бойынша  плагиатқа тексеру,  шетел ақпараттық ресурстардың қызметтері:

- автор мен  ұйымының индекс Хиршасы мен  сілтемелері, жарияланымның сапасын анықтау;

- Web of Science (Clarivate Analitics) және Scopus (Elsevier) шетел деректер базасына кіретін журналдарды анықтау.

Семинар қатысушылары импакт-факторы бар журналдарда жарияланымның  төмендеуінің негізгі себептерін, журналдарда жариялаудың жалпы мәселелерін, “Журналды таңдаудағы: импакт-факторы бар журналды қалай табуға болады және әділетсіз басылымдардан аулақ болу”, “Шет ел  рецензияланған журналдарда жариялауға арналған ғылыми мақаланы қалай жазуға болады”, сондай-ақ, қатысушылар үшін халықаралық және қазақстандық талаптарға жауап бере алатын қолжазбаларды рәсімдеу жайлы пайдалы кеңестер ұйымдастырылды.