М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың АҚШ, Филадельфия қаласында өтетін жоғары оқу орындары ректорларының қазақстандық-американдық форумына қатысуы

2018 жылдың 29 мамыры мен 1 маусымы аралығында құрамында Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым вице-министрі Аймағамбетов А.Қ., "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті Төребекова З.Т., сонымен қатар алдыңғы қатарлы қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері бар қазақстандық делегацияның Америка Құрама Штаттарына ресми сапары жоспарлануда.

Сапар аясында 2018 жылдың 30 мамырында Филадельфия қаласындағы Пенсильвания Университетінің базасында жоғары оқу орындары ректорларының қазақстандық-американдық форумы өтті.  Форум жұмысына 20-дан астам американдық білім беру өкілдері және қазақстандық тараптан 10 өкіл қатысты. Форумның ашылу салтанатында Халықаралық білім беру институты (АҚШ) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі делегациясының басшылары сөз сөйледі, оның аясында B2B форматтағы дөңгелек үстелдер мен екіжақты кездесулер өткізілді, онда білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Форум жұмысында, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті атынан, Стратегиялық даму жөніндегі проректор міндетін атқарушы  Айменов Жамбыл Талхаұлы «Қазақстанның жоғары білім жүйесіндегі білім беру бастамалары» тақырыбында ресми баяндама жасады, баяндама барысында Ж. Айменов, университет жұмысының басты бағыттарын айтып өтті, сондай-ақ М. Әуезов атындағы ОҚМУ мысалында мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар шеңберінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді  жүзеге  асыру  бойынша  ақпараттар ұсынды.

Еске сала кетейік, форумның басты мақсаты жоғары оқу орындары арасында екі жақты ынтымақтастықты дамыту жəне нығайту болып табылады. Жоғары оқу орындары аралық форумға қатысушылар серіктестік өзара қарым-қатынастарды дамыту үшін тұрақты платформа құруды, сонымен қатар білім саласының басты академиялық рейтингтерінде тұрақты орындарда орналасқан Американың жоғары білім беру флагмандарымен ары қарай халықаралық ынтымақтастық үшін ұзақ мерзімді байланысты орнатуды көздейді.

Сонымен қатар 2018 жылдың 30 мамыр мен 31 мамыр аралығында, қазақстандық делегацияның жыл сайын əлемдік білім нарығының негізгі ойыншыларын жинайтын, маңызды іс-шара болып есептелетін NAFSA (Халықаралық білім қайраткерлерінің ассоциациясы) халықаралық көрмесіне қатысуы жоспарланған. Қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері  NAFSA көрмесінің аясында өткізілетін ректорлар мен проректорлар саммитіне қатысады.