ҚЫТАЙДА ТЕГІН ОҚУ!!!

Халықаралық ынтымақтастық аясында China Scholarship Council бағдарламасы бойынша ҚХР-ның келесі ЖОО-ы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері мен оқытушыларына 2018-2019 оқу жылына магистратурада және докторантурада оқу үшін білім гранттарын бөледі:

1.      Харбин политехникалық институты

2.      Пекин технологиялық институты

3.      Сиян университеті Цзяо Тун

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

·         үміткерлердің жоғары білімі болуы қажет;

·         ҚХР-ң азаматы болмауы тиіс;

·         магистр дәрежесін алу үшін үміткерлердің жасы 35-тен аспау қажет және бакалавр дәрежесі болуы қажет;

·         доктор дәрежесін алу үшін үміткерлердің жасы 40-тан аспау қажет және магистр дәрежесі болуы қажет;

·         академиялық үлгерімі жоғары деңдейде болуы қажет;

·         ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеті болуы қажет;

·         қажетті деңгейде ағылшын және қытай тілдерін меңгеруі қажет;

 

Стипендия туралы толық ақпарат

1.      Стипендия  оқу ақысын, мекендеу  және  кешенді медициналық сақтандыру шығындарын төлейді.

2.      Ай сайынғы студенттерге төленетін стипендия мөлшері:

-          Магистранттарға- 3,000 юань

-          Докторанттарға- 3,5000 юань

Құжаттарды тапсырудың соңғы күні:

1.      Харбин политехникалық институты 15.03.2018ж.

2.      Пекин технологиялық институты 28.02.2018ж.

3.      Сиян университеті Цзяо Тун 31.12.2017ж.

Бұл бағдарламаға қатысу үшін толық ақпарат алу үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Халықаралық байланыстар орталығына келулеріңізді сұранамыз. Мекен-жай:«В» ғимараты, 2-қабат, 217-кабинет Тел.: 21-41-54