Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  Ғылыми Кеңесінің 2015 жылғы 30 қаңтарда №8 хаттама шешімімен құрылды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы
кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., құқықтану доценті

Ғ.Қ. Маймақов

 


  •  
    Қызметкерлер тізімі

    Маймақов Ғаппар Қазыбекұлы

    Кафедра меңгерушісі 

    Тарих ғылымдарының кандидаты, құқықтану доценті

    Байланыс мәліметі: Бас ғимарат, 350 кабинет

    Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-08-40

    Е-mail: Gappar1957@mail.ru

    Құрманбаева Тұрсынкүл Лесбекқызы

    Кафедра меңгерушісінің орынбасары

    Е-mail: kafedra_ank@mail.ru

    Аблаев Серік Бикожаұлы

    Бас маман

    Саясаттану ғылымдарының магистрі

    Е-mail: Ablaev_1958@mail.ru

    Өтеева Камшат Құрманбайқызы

    Бас маман

    Саясаттану ғылымдарының магистрі

     Е-mail: Uteeva1985@mail.ru

    Маймакова Күнсая Ғаппарқызы

    Дінтану және гуманитарлық ғылымдар магистрі

    Бас маман

    Е-mail: kunsaya@outlook.com

    Құрбанов Исмайл Жибрайлұлы

    Бас маман

    Саясаттану ғылымдарының магистрі

     Е-mail: curbanov@list.ru

    Төрегелдиева Эльвира Мәлікқызы

    Бас маман

    Заңтану ғылымдарының магистрі

    Е-mail: in-elvi@mail.ru

    Бажак Назира Пернешқызы

    Жоғары білікті маман

    Е-mail: nazira.monitoring@mail.ru

    Сакова Гулназира Жәлилханқызы

    Жоғары білікті маман

    Е-mail: Gulia_@mail.ru

    Баймаханов Нұрбек Бақтиярұлы

    Жоғары білікті маман

    Тарих және гуманитарлық ғылымдарының магистрі

    Е-mail: nurbek_911010@mail.ru

  •  
    Жаңалықтар

    13-қазан 2017 жылы сағат 11:00 де Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» тақырыбында форум өткізілді. Форумды  Оңтүстік Қазақстан облысық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. Форумның ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайы­рымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.

       

       

       

       


    2017 жылғы 21қыркүйекте М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «Тіл және тарих: Үштұғырлы тіл – «Мәңгілік Ел» құру факторларының бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырда.
    Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты. Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Елбасы бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу арқылы ұсыныстарын және нақты тапсырмаларын берген болатын. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

       

       

       


    2017 жылғы 16 ақпанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «Қазіргі таңдағы терроризм және діни экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
    Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты. Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризм, оны болдырмаудың қажеттілігі, діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері, қазіргі таңдағы ислам дініне жат ағымдар,  ҚР-ның терроризмге және экстремизмге қарсы заңдарын түсіндіру, Қазақстанның қазіргі таңдағы діни ахуалы жайлы мағлұмат беру.
    Дөңгелек үстелге: Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері, облыс әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, дін істері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары,  облыс ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері қатысты.

       

       

       

       


    Ұлтаралық татулық-еліміздің рухани байлығы және жетістігі” атты іс-шара

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, 21 қыркүйек 2016 жылы ТІ және ЖС департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен “Ұлтаралық татулық-еліміздің рухани байлығы және жетістігі” атты іс-шара болып өтті.

          


    «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан»

    2016 жылдың 12 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының конференц залында  Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына орай «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан» атты  дөңгелек үстел өткізілді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
    Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің  сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жастарға еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді түсіндіру.

       

       


    «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий

    17-қазан 2016 жылы сағат 15:00 де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында  «Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай, 18 қазан – Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий өткізілді. Лекторийді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы,  Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблея хатшылығы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті ұйымдастырды. Лекторийдің ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайырымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.Өткізілген іс-шараларда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат пен конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы негізгі басымдықтар барынша жан-жақты түсіндірілді.

       

       


    «1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты дөңгелек үстел

    2016 жылдың 23-қараша күні М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
    Дөңгелек үстелдің мақсаты: бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастыққа демократиялық мемлекет ретінде танылды. Ауқымды игі істер Тұңғыш Президент Н.Назарбаевпен байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу ел алдындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атқарған еңбектерінің жемісі. Тұңғыш Президент Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев қазақстандық қоғамдағы келісім мен бейбітшілікке аса көңіл бөлді. Бұл біздің маңызды құндылығымыз, біздің негізгі міндетіміз оларды сақтау және қорғау.
    Дөңгелек үстелге облысымыздың қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары мен мемлекеттік мекеме басшылары, Президентіміз Н.Назарбаевтың курстасы қатысты. Дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтті.
    Университеттің ғалымдары, оқу ордамыздың студенттік ректоры, қоғамдық бірлестіктердің және ардагерлерлер Кеңесінің өкілдері баяндама жасады.

       

       

       

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • Елбасының және Қазақстан халқы Ассамблеясының этноконфессияаралық келісім, саяси тұрақтылық, 
  • толеранттылық мәселелері бойынша саясатын жүзеге асыруды университет көлемінде насихаттау;
  • оқытушылар мен студент жастар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын және
  • заңдарды түсіндіру;
  • университет жастары арасында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  патриоттық идеясының негізінде Қазақстан
  • халқының  бірлігін нығайту:
  • этносаралық және дінаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • университет ұжымында мемлекеттік және жалпы саяси мәні бар ресми мерекелерді өткізу;
  • түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық және теориялық конференциялар, семинарлар,  дөңгелек үстелдер,
  • лекторийлар өткізу;
  • университеттің  маңызды бағыттары бойынша әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;
  • еліміздегі және әлемдегі орын алған саяси оқиғалар бойынша оқытушылар, тәлімгерлер және студенттер
  • арасында дәрістер жүргізу;
  • облыстық, қалалық, аудандық, ішкі саясат құрылымдары, облыстық Ассамблея, «Қоғамдық келісім»
  • коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дін істері басқармасы т.б ұйымдармен бірлесе отырып іс-шаралар өткізу;
  • Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне арналған еңбектер, оқу құралдарын, кітапшалар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу
  • бағдарламаларын т.б материалдарын  шығару;
  • университеттің құрылымдық бөлімдеріне кафедраның негізгі бағыттары бойынша тұрақты түрде лекциялар оқу,
  • кездесулер өткізу және басқада қызметтер көрсетіп отыру. 

 

Ғылыми жұмыстар

  1. Қазіргі заманғы дінтану негіздері
  2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
  3. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы
  4. Асанбай Асқаров –саяси қайраткер, ғалым,  жазушы
  5. Елбасы жолдаулары-Еліміздің даму өзегі
  6. Қазақстан халқы Ассамблеясы- еліміздегі этносаралық келісімнің кепілі
  7. Елбасы Жолдауы және « 100 нақты қадам-Ұлт жоспары» дағдарысты еңсеру мәселелері
  8. Қазақстан Республикасындағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  9. «Нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру
  10. 18 қазан -Қазақстандағы Рухани келісім күні.

 

Іс-шаралар

  1. ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған «Конституция тұрақтылық пен өркениеттің негізі» тақырыбындағы ғылыми –тәжірибелік конференция 28 тамыз 2015 жыл;
  2. «Қазақстан халқы Ассамблеясының» 20-жылдығына арналған ғылыми тәжірибелік конференция 16 қыркүйек 2015 жыл;
  3. Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Ұлы дала елі», тарихи-мәдени экспедициясының аясында обылс көлемінде кездесулер өткізу 1-5 қазан 2015жыл;
  4. «Қазақ хандығы-Тәуелсіз Қазақстанның негізгі бастауы және «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  28 қазан 2015 жыл;
  5. Хиджаб мәселесі туралы студенттер арасында лекция-әңгіме өткізу.
  6. «Терроризм  мен діни экстремизм» және «100-нақты қадам Ұлт жоспары» тақырыбында факультеттер арасында лекция өткізу;
  7. «100 нақты қадам –Ұлт жоспары», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел- Үлкен Отбасы» бағдарламасына орай семинар –лекторийлар және «Мәңгілік Ел» идеясы этносаралық қатынас және қоғамдық ынтымақтастық контексінде» атты дөңгелек үстел  өткізу 8 сәуір 2016 жыл;
  8. «Жаңа Еңбек Кодексі: қолданылуы және қазіргі жағдайдағы проблемалары» тақырыбында семинар-лекторий өткізу 6 сәуір 2016 жыл;
  9. «Ұлтаралық татулық- еліміздің рухани байлығы және жетістігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу 17 қыркүйек 2016 жыл;
  10. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай 18қазан- Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында « Рухани келісім-бірлік бастауы» тақырыбында лекторий өткізу 17 қазан 2016 жыл;
  11. «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 25 жылы» атты дөңгелек үстел өткізу желтоқсан 2016 жыл.

«Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий
17-қазан 2016 жылы сағат 15:00 де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында  «Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай, 18 қазан – Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий өткізілді. Лекторийді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы,  Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблея хатшылығы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті ұйымдастырды. Лекторийдің ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайырымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.
Өткізілген іс-шараларда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат пен конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы негізгі басымдықтар барынша жан-жақты түсіндірілді.