КАФЕДРАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ПРОФЕССОРЫ, ДОЦЕНТІ, АҒА ОҚЫТУШЫСЫ және ОҚЫТУШЫСЫНЫҢбос лауазымдарына тағайындау конкурсына қатысу үшін өткізілетін құжаттар ТІЗІМІ

  1. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының атына берілген өтініш;
  2. кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  3. өмірбаян;
  4. жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
  7. № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);
  8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  9. профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
  10.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  11. № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  12. «Мұғалім студенттердің көзімен»  сауалнамасының  нәтижелері;
  13. КАБ (сабақ өткізу сапасын кафедрааралық бақылауы) анықтамасы;
  14. Кафедраны дамыту бағдарламасы(кафедраның меңгерушісі бос лауазымына үміткерлер үшін).