Исламкулов Қ.М. еске алу максатында мемориалдық тақтайша ашу салтанаты

03.02.2018 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның  №1 оқу ғимаратында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың курстасы т.ғ.д., профессор Қ.М. Исламкуловты еске алу мақсатында мемориалдық тақтайша ашу салтанаты болып өтті. Салтанатты іс-шараны ОҚМУ-дың оқу және оқу-әдістемелік жөніндегі прорекоры Қ.С.Байболов ашты. Өз сөзінде т.ғ.д., профессор Қ.М. Исламкуловтың Қазақстан ғылымына қосқан еңбегімен жетістіктерін айтып өтті. Келесі сөз кезегі ОҚМУ-дың ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ж.Ү.Мырхалықовқа берілді. Өз сөзінде соңғы жылдары, университет аудиторияларына, зертханаларына, еңбегі сіңген профессор, ғылым докторлары аттарын беру дәстүрге айналған. Осы жолы №1 оқу ғимаратына т.ғ.д., профессор Қ.М.Исламкуловтың аты берілу шешімі қабылданып, мемориалдық тақтайша орнатылды. Мемориалдық тақтайша ашылу салтанатына университеттің факультет, жоғары мектеп декандары және студенттер қатысты.