EduEnvi

  

«585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi

Серіктес университеттері: Тампере Қолданбалы Ғылымдар Университеті, TAMK, Финляндия (грант иегері); Лиллебаелт академиясы (қолданбалы ғылымдар университеті), Дания; Вальядолид Университеті, УВ, Испания; ИТМО университеті (Санкт-Петербург Ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университеті), Ресей; Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы  Орал федералды университеті, ОрФУ, Ресей; Тюмень мемлекеттік университеті, ТМУ, Ресей; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚазҰУ, Қазақстан; Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, КөкМУ, Қазақстан; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ОҚМУ, Қазақстан.

Жобаның негізгі мақсаты:

Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Ресейдегі физикалық ғылымдары мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары білім беру жетістіктерін  меңгеруді халықаралық тұрғыда жетілдіру және  жаңалау. Бұл мақсатқа елдер бойынша қатысатын серіктес ЖОО-ларда жергілікті оқу орындарының әлеуетін құру арқылы қол жеткізіледі (жобаның негізгі мақсатты тобы) 1)  қалдықтарды тұрақты басқару саласында және 2) жаңа еуропалық педагогикалық тәсілдермен.   Одан басқа, қалдықтарды тұрақты басқару бойынша онлайн-оқытудың   сегіз модульдері екінші  мақсатты топтың, студенттер мен  компаниялар / жергілікті / аймақтық билік органдарының қызметкерлері мүддесі үшін құрылады.

Жобаның міндеттері:

- Оқу сабақтары  шеңберінде мақсатты топ қалдықтарды тұрақты басқару саласында Еуропадағы соңғы зерттеулерді, озық тәжірибені және жаңа технологияларды қарастырады.

- тренингтерден  және студенттерді бағалау бойынша жұмыс жүргізгеннен кейін,   профессорлық-оқытушылар құрамы жаңа оқу жоспарындағы құзыреттілікті анықтайтын салалық қызметтестікті, сондай-ақ оқу жоспарларын әзірлеудегі соңғы тәсілдермен үйлестіре алады.

- мақсатты топ кәсіпкерлікті және оқытудың модулінде инновациялық әдістерді біріктіруге қабілетті болады

- мақсатты топ әрбір білім беру мақсатына, оның ішінде білім деңгейін, ми шабуылын, пікірлер жинау, білімді тестілеуді бірлесіп анықтау үшін педагогикалық тұрғыдан үздік электронды оқыту құралдарын таңдай алады.

- жоғарыда келтірілген  білімге негізделіп қалдықтарды тұрақты басқару бойынша онлайн оқытудың сегіз модулі құрылады (әрбір университет 6-9 ECTS бір немесе екі модулін құрастырады )

Күтілетін нәтижелер:

Оқу жоспарларын, электрондық оқыту мен педагогикалық технологияларды құруға арналған тренингтер еуропалық және жаһандық стандарттарға сәйкес тұрақты қалдықтарды басқару саласында білім беруді жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа онлайн оқыту модульдері студенттерге икемді және инклюзивтік оқыту курстарын ұсынады, инновациялық әдістерді енгізу және өндірістік-білім беру саласындағы серіктестік мәселелері студенттерді өндірістік қызметте қажетті дағдылар мен білімдерді қамтамасыз етеді. Бұл модульдер, жаңа және жаңғыртылған оқу жоспарлары бойынша қалдықтарды тұрақты басқару, құрылған жобада магистратураға түскен магистранттарды оқытуға, сондай-ақ қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы өнеркәсіптерде жұмыс жасайтын тұлғалар үшін жүйелі және үздіксіз дайындықты, екі әріптес елдерде қоршаған ортаға әсеріне байланысты мәселелерді шешуге  мүмкіндік береді. ЖОО-ның өнеркәсіптермен тығыз серіктестігі және барлық университеттер арасындағы серіктестік интеграциясы кезінде оқыту  модульдерінде өзара тиімді инновациялардың дамуы болашақта жаңа серіктестер пен қаржыландыруды табуды қамтамасыз етеді. Қосымша ақпаратты сіз мына сілтеме бойынша біздің жобаларымыздың сайтында табасыз.  

 website:http://eduenvi.blogs.tamk.fi/


2018 жылдың 26 сәуірінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де сағат 12.00-де жобаның қатысушылары

585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында тұрақты қалдықтарды басқару саласындағы құзыреттілікті арттыру» / EduEnvi” және «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Биотехнология» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен бірге Ақпараттық күн өткізілді, сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының басқа  университеттерінің ғалымдары мен студенттері және кәсіпорындар өкілдері қатысты. Қатысушылар жоба туралы ақпаратты алды: мақсаттар, міндеттер, қазіргі кезде қандай жұмыстар атқарылуда және жобаның күтілетін нәтижелері.


Осы күні 585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында тұрақты қалдықтарды басқару саласындағы құзыреттілікті арттыру» / EduEnvi”  жобасының орындаушылары “Архимед and Perpetuummobile” дөңгелек үстелінің қатысушыларымен кездесуге шақырылды, бұл жүздесу «Сандық Қазақстан, Инновациялардағы ғылым, техникалық прогресс және жасыл экономика» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚМУ жетекші ғалымдары мен мектеп оқушылары және студенттердің кездесуіне арналған, өткен орны .Әуезов атындағы ОҚМУ базасы сағаит 15.00. Жобаның үйлестірушісі Муталиева Б.Ж. аудиторияға ақпарат беретін жобаның презентациясын  жасады.