М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Магистратураға және докторантураға азаматтарды қабылдау түсу емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Мынадай емтихандар бойынша: ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFLITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-basedTest (TOEFLIBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0); неміс тілі: Deutsche Sprachprьfungfur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі); француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefrancaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.
Магистратураға және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
2. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі
Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүргізеді.
Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) шет тілі бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7) жеке куәлігінің көшірмесі;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
7) 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандықбойыншатапсырады.
Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:
1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);
2) мамандық бойынша тапсырады.
Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.
Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.
Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
4. Магистратураға және докторантураға қабылдау
Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.
Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі
Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар |
Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар |
95-100 |
Өте жақсы (5) |
90-94 |
|
85-89 |
Жақсы (4) |
80-84 |
|
75-79 |
|
70-74 |
Қанағаттанарлық (3) |
65-69 |
|
60-64 |
|
55-59 |
|
50-54 |
|
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз (2) |
5. Мамандықтар тізімі
Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы 19 докторантура мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары бар.
Докторантура мамандықтарының тізімі
Факультеттер/жоғары мектептер атаулары |
Мамандықтар шифры |
Мамандықтар атауы |
Химиялық инженерия және биотехнология |
6D060800 |
Экология |
6D070100 |
Биотехнология (сала бойынша) |
|
6D072000 |
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы |
|
6D072100 |
Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
|
6D075300 |
Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы |
|
Тоқыма және тамақ инженериясы |
6D072600 |
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (салалары бойынша) |
6D073300 |
Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы |
|
Механика және мұнайгаз ісі |
6D072400 |
Техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) |
Құрылыс және көлік |
6D072900 |
Құрылыс |
6D073000 |
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру |
|
6D073100 |
Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау |
|
Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық |
6D010900 |
Математика |
6D011100 |
Информатика |
|
6D012000 |
Кәсіптік оқу (сала бойынша) |
|
6D060100 |
Математика |
|
Филология |
6D020500 |
Филология |
Педагогика және мәдениет |
6D010300 |
Педагогика және психология |
6D090600 |
Мәдени-тынығу жұмысы |
|
Басқару және бизнес |
6D050600 |
Экономика |
Магистратура мамандықтарының тізімі |
||
Факультеттер/жоғары мектептер атаулары |
Мамандықтар шифры |
Мамандықтар атауы |
Филология |
6М010100 |
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
6М010200 |
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
|
6М020500 |
Филология |
|
Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық |
6М010900 |
Математика |
6М011000 |
Физика |
|
6М011100 |
Информатика |
|
6М011200 |
Химия |
|
6М012000 |
Кәсіптік білім |
|
6М060100 |
Математика |
|
6М060200 |
Информатика |
|
6М060400 |
Физика |
|
6М060600 |
Химия |
|
6М060700 |
Биология |
|
Дене тәрбиесі және спорт |
6М050300 |
Психология |
Педагогика және мәдениет |
6М010300 |
Педагогика және психология |
6М010700 |
Бейнелеу өнері және сызу |
|
6М011600 |
География |
|
6М020300 |
Тарих |
|
6М020800 |
Археология және этнология |
|
6М040900 |
Хореография |
|
6М041300 |
Кескіндеме |
|
6М041400 |
Графика |
|
6М042100 |
Дизайн |
|
6М090500 |
Әлеуметтік жұмыс |
|
6М090600 |
Мәдени-тынығу жұмысы |
|
6М091000 |
Кітапхана ісі |
|
Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі |
6М060800 |
Экология |
6М070100 |
Биотехнология |
|
6М070900 |
Металлургия |
|
6М072000 |
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы |
|
6М072100 |
Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
|
6М073900 |
Мұнайхимиясы |
|
6М075300 |
Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы |
|
Басқару және бизнес |
6М050600 |
Экономика |
6М050700 |
Менеджмент |
|
6М050800 |
Есеп және аудит |
|
6М050900 |
Қаржы |
|
6М051100 |
Маркетинг |
|
6М052000 |
Іскерлік әкімшілік жүргізу |
|
Заңтану және халықаралық қатынастар |
6М020100 |
Философия |
6М030100 |
Құқықтану |
|
6М050200 |
Саясаттану |
|
Ақпараттық технологиялар және энергетика |
6М070200 |
Автоматтандыру және басқару |
6М070300 |
Ақпараттық жүйелер |
|
6М070400 |
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
|
6М070500 |
Математикалық және компьютерлік модельдеу |
|
6М071800 |
Электрэнергетикасы |
|
Механика және мұнайгаз ісі |
6М070800 |
Мұнайгаз ісі |
6М071200 |
Машина жасау |
|
6М072400 |
Технологиялық машиналар мен жабдықтар |
|
6М073200 |
Стандарттау және сертификаттау |
|
Құрылыс және көлік |
6М042000 |
Сәулет |
6М071300 |
Көлік, көлік техникасы және технологиялары |
|
6М072900 |
Құрылыс |
|
6М073000 |
Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар технологиясы |
|
6М073100 |
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау |
|
Тоқыма және тамақ инженериясы |
6М072600 |
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы |
6М072800 |
Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) |
|
6М073300 |
Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы |
Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 3 ғимарат, 204 кабинет, Телефон: 8-7252-30-01-69
Желтоқсан