Skip to Content

Әскери кафедра

Мекен-жай:  ОҚО, Шымкент  қ., Рысқұлбеков  көшесі 3 «б»,

№15 корпус

Кезекші тел:    35-44-13

Факс:                35-40-63

Эл. почта: vk_yukgu@mail.ru

Әскери кафедраға оқуға қабылдау тәртібі

       Әскери кафедраға конкурс негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де күндізгі бөлімде оқитын студенттер және студент қыздар – жасы 27- ден аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қабылданады.

 

       Ақылы және ақысыз негізде запастағы офицерлерді дайындау Бағдарламасымен оқытуға төртжылдық бағдарламамен оқитын 1-ші курс студенттерінен және бесжылдық бағдарламамен оқитын 2-ші курс студенттерінен құжаттар қабылданады.

 

Студенттерді конкурстық іріктеуден өткізу  4 деңгейден тұрады:

1) I деңгей – медициналық  сараптамадан өту;

2) II деңгей – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;

3)III деңгей –нормативтер бойынша дене даярлығын тексеру;

         4) IV деңгей – конкурстық іріктеуді өткізу.

         Құжаттарды  қабылдау және конкурстың I деңгейін өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі.

II, III и IV деңгейлер студенттерді әскери кафедрада қабылдау үшін іріктеу комиссиясымен жүргізіледі.

       Іріктеу комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің бұйрығымен анықталады.

 Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен бітірушілерге запастағы «ЛЕЙТЕНАНТ» әскери шені беріледі.

          ОҚМУ –дың әскери кафедрасының көптеген түлектері ҚР ҚК-нің қатарына шақырылып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, әскери қызметте жоғары жетістіктерге жетіп отыр.

 

Басшылық туралы мәләмет

Әскери кафедра бастығы

 

подполковник

 

Кенжебаев Жақып Амангелдіұлы

 

Әскери кафедра бастығының орынбасары

 

подполковник

Еримбетов Темирбек Амангельдиевич

 

Әскери кафедра бастығының орынбасары -

оқу бөлімінің бастығы

 

подполковник

Касымбеков Асан Булегенович

 

 

 

Тарихи  мәлімет

      М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы  КСРО   Қорғаныс Министрі орынбасарының Директивасы бойынша 1963 жылдың 15 мамырында  құрылды .

     

1966-74 жылдар аралығында әскери кафедрада «Зенитті артиллериялық қондырғылар взводының командирі» әскери есептік мамандығы бойынша запастағы офицерлер дайындалды, ал 1973 жылы әскери кафедрада КСРО Қорғаныс Министрі орынбасарының Директивасымен «Радиациялық, химиялық барлау және ядролық жарылысты белгілеу взводының командирі» әскери есептік мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындау басталды.

1981 жылдан бастап  төрт түрлі әскери есептік мамандығы бойынша химиялық әскерлердің  запастағы офицерлері   дайындалды:

    - Химиялық қорғану бөлімшелерін, бөлім мен құрамаларды  қолдану;

    - Отшашу және түтіндетуші бөлімшелерді, бөлім мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;

    - Радиациялық химиялық барлау және ядролық жарылысты белгілеу бөлімі мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;

    - Химиялық әскерлердің қару-жарағы мен және қорғаныс құралдарын жөндеу.

       Тәуелсіз мемлекеттің өз Ұлттық Қарулы Күштерін құрғалы әскери білімнің мемлекеттік  жүйесі бойынша құрылуы - маңызды мүдделерінің бірі. М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасы осы жүйенің маңызды бір бөлігін  құрайды.

       1997 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Бас штабы бастығының Директивасы бойынша «Жаяу әскердің ұрыс  машинасында  мотоатқыштар бөлімшелерін, бөлім мен құрамаларын жауынгерлік қолдану» жаңа әскери-есеп мамандығы мамандығы ашылды.

 

  

          Қазақстан Республикасы бойынша тек қана М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери  кафедрасы  «радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімдерінің командирі» мамандарын дайындайды.  ҚР  Қарулы Күштерінде РХБҚ әскери бөлімдері М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының түлектерімен толықтырылады.

     1963-2013 ж.ж. аралығында әскери кафедра 13 000-нан астам  запастағы офицер кадрларын дайындап шығарған.  Бүгінгі күні әскери кафедрада 448 студент оқиды.

      Жоғары дәрежелі әскери-педагогикалық профессорлық-оқытушылар құрамы мен материалдық-техникалық базасы ескеріле отырып, әскери дайындықты трансформациялау  бағдарламасына байланысты 2008-2009 ж.ж. әскери кафедрада«Командалық тактикалық сұйық отынмен қамтамасыздандыру» әскери-есеп мамандығы бойынша   кадрдағы офицерлерді дайындау ұйымдастырылды. 2011 жылдан бастап осы мамандық бойынша студенттерді әскери дайындықтан өткізу жалғасуда.

 

     Кафедра химиялық зертханамен, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау техникалық құралдарымен,  жеке құрамды,  қару жарақ пен әскери техниканы,  киім-кешекті,дезактивация, дегазация, дезинфекциялауға арналған арнайы өңдеу құралдарымен,  техникалық байқау және автокөлікті жөндеу пунктімен, ату және саптық алаңмен қамтамасыздандырылған.

      Әскери кафедра офицерлері және оқу көмекші құрамымен «Химиялық қауіптілігі бар апаттарда қатты уландырғыш заттардың  зардаптары мен көлемдерін болжау», «Радиациялық жағдайды болжау және барлау әдісімен бағалау» (авторлары  запастағы подполковник Тазутдинов Ш.Н., запастағы  подполковник Шаймерденов Б.А.) компютерлік бағдарламалары, «Химиялық қарудың ұрыстық қасиеттері» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама – виртуалдық практикалық жұмысы)( авторлары – подполковник Кенжебаев Ж.А., әскери кафедраның лаборатория меңгерушісі Джазықбаева А.А.) жасалынды. Бағдарламалар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркелген.

Бейне материалдар мен суреттер

 

 

Әскери есептік мамандықтар

 Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану

  

     Мақсаты: ҚР Қарулы күштерінің  РХБ қорғау әскерлеріне Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, өнегелі, запастағы офицерлерді дайындау.

ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:

-қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыстарда радиациялық, химиялық, биологиялық қорғауды ұйымдастырудағы РХБ әскерлерінің алар орнын, жалпыәскери ұрыс негіздерін және РХБ құралымдарының жалпы әскери ұрыстарда қолданылуын;

- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құрылымдарының арналуын, ұйымдық құрылымын, мүмкіншіліктерін және РХБ қорғау құралымдарының ұрыс қимылдарының негізін;

- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғауды, әскерлерді арнайы    өңдеуді және жергілікті жер учаскелерін, жолдарды, құрылыстарды  залалсыздандыруды;

- РХБ қорғау құралымдарының әр-түрлі ұрыс түрлеріндегі қимылдарына жан-жақты қамтамасыз етілуін және құралымдарды басқаруды ұйымдастыруды;

     Істей алуы қажет:

-кез-келген ұрыс жағдайында взводты басқаруды;

- радиациялық, химиялық және биологиялық жағдай туралы  деректер мен ақпараттарды жинауды,өңдеуді, бағалауды;

- жұмыс картасын жүргізуді және соғысқа қажетті  құжаттарды құрастыруды;

- РХБ қорғау құрамдарының жоғары әскери дайындықта болуын қамтамасыз етуді;

- арнайы және арнайы тактикалық дайындық бойынша сабақ өткеруді.

 

От шашу және түтін шығару бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану 

  

     Мақсаты: ҚР Қарулы күштерінде Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, өнегелі офицерлер дайындау, студенттерге Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Отанды қорғауға дайындын болуға, әскери парызын адал атқаруды, қарулы қүштер сапында қызмет етуді мақтаныш тұту және жауапкершілікпен қарауға баулу.

ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет :

- химиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруда РХБ қорғану әскерлерінің алар орны;

- ұрыстың негізгі түрлерінде радиациялық, химиялық қоғану құрылымдарымен, арнай өңдеу құрылымдарымен соғыс техникалары мен қару-жарақтарды, жол мен жер беткейлерін, киім-кешек пен жасақтарды арнайы өңдеуден өткеруді ұйымдастыруды және құрылымдардың мүмкіндіктерін;

- қол астындағы әскери құрылымдарды басқаруды ұйымдастыру,  және іс-әрекеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;

     Істей білу:

- химиялық  қорғану  взводын түрлі жағдайда басқаруды;

- химиялық және радиациялық жағдайды бағалауды;

- жұмыс картасын жүргізу және қажетті ұрыстық іс-қағаздарды құрастыруды;

- навигациялық құрал-жабдықтарды пайдалануды;

- взводпен арнайы тактикалық дайындық сабағын өткізу.

 

Радиациялық және  химиялық барлау бөлімшелері мен бөлімдерін жауынгерлік қолдану (теңіз жағасына орналастырылғандардан басқасы)

  

     Мақсаты: ҚР Қарулы күштерінің  РХБ қорғау әскерлеріне Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, РХБ барлауды ұйымдастыруды және жүргізуді басқара білетін, запастағы офицерлерді дайындау.

ӘЕМ  бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:

-РХБ барлау құралымдарының арналуын, ұйымдық құрылымын, мүмкіншіліктерін және  ұрыс қимылдарының негізін;

-ядролық жарылыстарды белгілеп анықтауды; 

-радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жасауды (РХБ барлау) және қадағалауды;

-радиациялық, химиялық, биологиялық жағдай туралы деректер мен ақпараттарды жинауды, өңдеуді және зақымдану туралы хабардар етуді;

-РХБ барлау құралымдарының әр-түрлі ұрыс түрлеріндегі қимылдарының жан-жақты қамтамасыз етілуін және құралымдарды басқаруды ұйымдастыруды.

     Істей білу:

 - радиациялық,химиялық, биологиялық баулау взводын кез-келген жағдайда басқаруды;

- радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бағалап лайықты шешім қабылдауды;

- жұмыс картасын жүргізуді және соғысқа қажетті құжаттарды құрастыруды;

- РХБ барлау құрамдарының жоғары әскери дайындықта болуын қамтамасыз етуді;

- арнайы және арнайы тактикалық дайындық бойынша сабақ өткеруді істей алуы қажет.

 

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс қару-жарағы мен құралдарын, экологиялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу

 

 

      Мақсаты: Химиялық және радиациялық барлауда өз қол астындағыларын басқара білетін қазіргі замандағы әскерлерді химиялық қамтамасыз ететін, РХБҚ әскеріне запастағы офицерді дайындау.

ӘЕМ  бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер  білуі қажет:

- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдары мен қаружарақтарын пайдалануды  ұйымдастыру ережелерін;

- қаружарақ және радиациалық , химиялық, биологиялық қорғау жабдықтарын  пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру

     Істей білу:

- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдары мен қаружарақтарын жөндеуді  ұйымдастыру ережелерін ;

- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдары мен қаружарақтардың  жөндеуін іске асыру ;

- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдары мен қаружарақтарды  жөндеу және пайдалану бойынша сабақ өткізу.

 

Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану

  

     Мақсаты: ҚР ҚК  қазіргі заманғы ұрысты ұйымдастыруды  және   жүруді     білуге қажетті білімді меңгерген, өз халқына, Отанына және Үкіметіне мінсіз берілген запастағы офицерлер дайындау.

ӘЕМ  бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:

-қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыс негіздерін:

мотоатқыштар және демеуші құрамдардың,    ұйымдық  құрылысын, ұрыстағы мүмкіншіліктерін;

-шетел армиясының, ұйымдық құрамын, қарулануын және іс-әрекет тактикаларын;

ЖҚЖҚ қорғану негіздерін;

-әскерлерді жасырын басқарудың мәні мен мағынасын;

-тактикалық, тактикалық-саптық, нұсқау-әдістемелік сабақтарының әдістерін және ұйымдастыруды, ұрыстық атуды.

     Істей білу:

мотоатқыштар взводының, ротасының  ұрыс әрекеттерін ұйымдастыруды және оларды басқаруды;

сеніп тапсырылған қару- жарақ пен ұрыс техникасының мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануды;

ұрысқа қажетті жауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды;

роталық желідегі әртүрлі радиостанциялармен жұмыс істеуді;

құрамдардың жоғары жауапкершілік дайындықта болуын қаматамасыз етуді;

жеке құрамның жауынгерлік дайындығы  бойынша сабақ жүргізуді істей алуы қажет.

 

 

Зымыран отынымен және жанар майымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

   

     Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - Отанына адал берілген, моральді тұрақты, тәртіпті,  жанар – жағар май қызметінің бастығы қызметін абыроймен атқару үшін білімді, іскер, заманауи  әскери техникамен қару-жарақты жетік меңгерген, білікті офицер-лер дайындау.

ӘЕМ  бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:

- әскери бөлімнің жанар-жағар майлар материалдары қызметі бойынша ұйымдасты-рушылық құрылымы мен тапсырмасын, қызмет лауазымдарының  міндеттерін;

- жанар-жағар майлар материалдары қызметінің техникалары мен техникалық құрал-дарының техникалық құжаттарын, түрлерін, қызмет көрсету мен жөндеудің тәртібін;

- әскери бөлімнің жанарөжағар майлар материалдары қызметі бойынша есепке алу мен есеп беруді ұйымдастыруды;

- жанар-жағар майлар материалдары қызметінің жеке құрамының ұрыстық және арнайы дайындықтарын ұйымда-стыруды;

- жанар-жағар майларды, техника мен мүліктерді жаппай қырыпжою құралдарынан қорғауды ұйымдастыруды.

     Істей білу:

- әскери бөлімнің жанар-жағар майлар материалдары қызметінің жұмыстарын және де оның жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруды;

- қол астындағылармен жауынгерлік, арнайы дайындықты ұйымдастыру,  өзі сабақ жүргізу және де құқықтық, жеке тәрбиелік және мәдени жұмыстарды жүзеге асыруды;

- техника мен қару-жарақты ұрысқа дайын жағ-дайда ұстауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, тылдық  бөлімшелердің  қарамағындағы  жанар-жағар майлар материалдары қызметінің техникалық құрал-жабдықтарына уақытында және сапалы түрде техника-лық қызмет көрсету;

- стационарлық және далалық жағдайларда жанармай қызметінің техникасы мен мүлігін дұрыс сақтауды ұйымдастыру, қоймада жанармайдың қорын уақытылы жаңартып отыру;

- жанармайдың, қызметтегі техника мен мүлікті дер кезінде және дұрыс есепке алып отыру және олардың заңды түрде жұмсалуын қамтамасыз етуді істей алуы қажет.

 

 Есептеу техникасы құралдары мен АБЖ объектілерде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 

     Мақсаты: Негізгі қағидаттарды, , аппараттық және бағдарламалық деректерді қорғау және қауіпсіздік кешенді құру, ақпараттық қауіпсіздік (АЖ), стандарттау және сертификаттау әдістерін білетін запастағы офицерлерді дайындау.

ӘЕМ  бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер  білуі қажет:

- ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру;

- қорғалатын ақпарат көздері мен құрылымы;

- ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін құру  құралдары, әдістері мен нысандары;

-қорғалатын ақпараттың құрамы;

- ақпаратты қорғаудың техникалық әдістері.

     Істей білу:

-ақпараттың жасырын берілуі мүмкін болған  каналдарды анықтау;

-кез келген жүйені немесе қажетті конфигурацияның желісін реттеу;

-ақпаратты қорғаудың стратегиясын анықтау;

- кешенді ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне қойылатын талаптарды тұжырымдау;

- қолданылатын құжаттаманы ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес әзірлеу.

 

Қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

   

     Мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери жұмыспен қамту ережелерін, теориялық принциптерін  қолдана білетін, қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыста метрологиялық қамтамасыз ету бөлімшелерінің теориясы мен практикасы негіздері бойынша қажетті әскери білімі бар, метрологиялық қамтамасыз ету бөлімшелерімен еркін басқаруға қабілетті запастағы офицерлер дайындау.

   ӘЕМ  бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:

- мемлекеттің Әскери доктринасы негізгі ережелері, қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыстың негіздері, қаруланған соғыстың құралдары мен әдістері,  Қарулы күштердің құрылымы;

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Құрлық әскерлерінің жауынгерлік жұмыспен қамту ережелері, тактика –батыл және жылдам  шешімдер қабылдап, әскери айла коріністерімен соғыс жүргізу өнері ;

- жөндеу бөлімшелерін жасақтау, олардың өндірістік мүмкіншіліктері мен қолданылуы;

- бөлімшелерде жауынгерлік дайындық пен жұмылдыру жұмысының негіздері, бөлімшелерді тиісті деңгейдегі жауынгелік дайындау тәсілдері, метрологиялық қамтамасыз ету, жауынгерлік дайындыққа келтіру және жұмылдырудағы бөлімдер

     Істей білу:

- соғыста метрологиялық бөлімшелерді еркін басқару және бөлімшедегі метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, әскери техниканың және штатты қару- жарақтың әскери мүмкіншіліктерін тиімді қолдану;

- бөлімшенің әскери дайындығына тиісті жоспар бөлімін әзірлеу  және өз мамандығы бойынша оның орындалуын ұйымдастыру;

- уақытылы шешім қабылдау,бөлімшені метрологиялық қамтамасыз етудегі іс-шараны ұйымдастыру және жүзеге асыру;

-әскери техниканы өлшеу құралдарының техникалық жағдайын, қауіпсіздігін және санын тексеру;

- әскери техниканы өлшеу құралдарын жөндеу, қызмет корсету және дұрыс қолдануын ұйымдастыру.

 

Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру

Мақсаты:  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін  өз Отанына, халқына және Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысына шексіз берілген, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізуге қажетті білімі бар,  бөлімшелерде тәрбие және идеологиялық жұмысты жүргізу мен ұйымдастыру әдістері мен түрлерін игерген, күнделікті іс-қимылында әскери қызметшілер мен олардың жанұя мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғауын қамтамасыз ете алатын запастағы офицерлерді дайындау.

Білуге тиісті:

Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы ережелерін;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін әскери заңнамалары негіздерін;

Негізгі тактикалық түсініктер, терминдер мен анықтамаларды;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу тарихын, жүйесін, тапсырмалары мен дамуын, Қарулы Күштер түрлері мен әскерлер тектерінің рөлі мен арналуын;

Заманауи соғыстың  сипаттамасын,  қарулы қақтығыстарда қолданылатын құралдарды;

Жаппай жою қаруының залал келтіретін факторлары мен олардан қорғану тәсілдерін;

Инженерлік құралдар тәртібі мен позицияларды бүркемелеу жолдарын;

Ұрыс барысындағы сарбаздың орны мен міндеттерін, қорғаныстағы және шабуылдағы сарбаздың іс-әрекет тәртібін, бақылау жүргізу арқылы түрлі нысананың бүркемесін ашу жолдарын;

Бөлімшенің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының жалпы ережелерін;

Мотоатқыштар взводының қару-жарағына жататын қол гранаталарының, қол граната атқыштың, атыс қаруларының жалпы құрылымы мен тактикалық-техникалық сипаттамасын, арналуын;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Жалпыәскери Жарғыларының талаптары мен негізгі ережелерін, заңнамалық негізін;

Саптық тәсілдерді мен қозғалыстарды  қарумен  және  қарусыз   жеке орындау талаптарын;

Әскери сәлемдесуді орнында және қозғалыста, сапта және саптан тыс орындау тәртібін;

 

Құрлық әскерлеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін  өз Отанына, халқына және Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысына шексіз берілген, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізуге қажетті білімі бар,  бөлімшелерде тәрбие және идеологиялық жұмысты жүргізу мен ұйымдастыру әдістері мен түрлерін игерген, күнделікті іс-қимылында әскери қызметшілер мен олардың жанұя мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғауын қамтамасыз ете алатын запастағы офицерлерді дайындау.

Білуге тиісті:

Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы ережелерін;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін әскери заңнамалары негіздерін;

Негізгі тактикалық түсініктер, терминдер мен анықтамаларды;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу тарихын, жүйесін, тапсырмалары мен дамуын, Қарулы Күштер түрлері мен әскерлер тектерінің рөлі мен арналуын;

Заманауи соғыстың  сипаттамасын,  қарулы қақтығыстарда қолданылатын құралдарды;

Жаппай жою қаруының залал келтіретін факторлары мен олардан қорғану тәсілдерін;

Инженерлік құралдар тәртібі мен позицияларды бүркемелеу жолдарын;

Ұрыс барысындағы сарбаздың орны мен міндеттерін, қорғаныстағы және шабуылдағы сарбаздың іс-әрекет тәртібін, бақылау жүргізу арқылы түрлі нысананың бүркемесін ашу жолдарын;

Бөлімшенің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының жалпы ережелерін;

Мотоатқыштар взводының қару-жарағына жататын қол гранаталарының, қол граната атқыштың, атыс қаруларының жалпы құрылымы мен тактикалық-техникалық сипаттамасын, арналуын;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Жалпыәскери Жарғыларының талаптары мен негізгі ережелерін, заңнамалық негізін;

Саптық тәсілдерді мен қозғалыстарды  қарумен  және  қарусыз   жеке орындау талаптарын;

Әскери сәлемдесуді орнында және қозғалыста, сапта және саптан тыс орындау тәртібін;

 

Әскери-патриоттық және тәрбие жұмысы

        1963 жылдан бастап әскери кафедраның 50 жылдан астам тарихы бар. Осы жылдарда запастағы офицерлерді  дайындау бойынша көптеген жұмыстар атқарылды, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру дәстүрі дамыды.

 

ҚР ҚМ Білім және Ғылым департаментінің бастығы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тулембаева А.Н. әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен танысып,  жақсы бағалады

    СуреттеҚР ҚМ Білім және Ғылым департаментінің бастығы Тулембаева А.Н. М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының оқытушыларымен  кездесуі.

 

     Әскери кафедра дәстүріне сәйкес Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған іс-шарада интернационалист-жауынгерлерді құттықтау рәсімі мерекелік жағдайда өткізілді. Әскери кафедрада Ауғанстанда әскери борышын өтеген жауынгерлер қызмет етеді, олар: отставкадағы полковник Ибрагимов А.Т. және запастағы подполковник Раимбердиев К.Т., ЖӘҰМ жүргізуші өндірістік оқу шебері Нуруллаев К.А.

     Мерекелік іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚМУ ардагерлер Ұйымының төрағасы Тлеулов Э.Д., ОҚО Ауғанстан ардагерлері Ұйымы төрағасының орынбасары Нұрсеитов А.Б.шақырылды.

 

 

 

 

 

 

    М.Әуезов атындағы ОҚМУ -дың әскери кафедрасының оқу материалдық-техникалық базасымен танысу мақсатында, IT технологиялар халықаралық университетінің ректоры Д.Шыныбеков келіп, оқытушылардың шеберлігі мен студенттердің әскери іске қызығушылығына жоғары бағасын берді.

14 сәуір 2016 жылы Ашық есік күні өткізілді, оған ОҚМУ -дың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Д.Сабырханов, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Е.Байқонысов қатысты.

Ісшараның қонақтары Шымкент қаласының Қорғаныс ісі жөніндегі басқарма бастығы полковник А.Шегебаев, Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник Г.Тулеушев әскери кафедра басшылығын жастарға әскери патриоттық тәрбие берудегі жұмысына алғыс білдірді және өскелең ұрпақты Қазақстанның нағыз патриоттары болуға шақырды.

Ашық есік күні Шымкент қаласының 2000 оқушысы әскери кафедрамен танысты. Оқушыларға оқулық әскери техника, оқулық атыс құралдары, радиациялық,химиялық және биологиялық қорғау құралдары, жанар жағармай техникалары, атыс тирі, автопарк пен арнайы дәрісханалар көрсетілді. Мектеп және колледж оқушыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері,ОҚМУ,әскери кафедра туралы жарнамалық буклеттер таратылды.

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2016 жылдың 5 мамырында Отан қорғаушылар мен ҰОС жеңіс күнін атап өтті.Ісшараға ЖОО бірінші проректоры Айменов Ж.Т., интернационалист-жауыргерлер, ардагерлер, университет қызметкерлері, әскери кафедра офицерлері мен студенттері қатысты. Әскери кафедра оқытушылары мен қызметкерлері  медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Әскери кафедра ұжымы ҚР Ауған соғысы ардагерлер Қауымдастығы атынан жастарға әскери патриоттық тәрбие берудегі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

Әскери кафедра студенттері Қарағанды қаласының «Спасск» оқу орталығында өткен      II Республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жиынына қатысты.Біздің студенттерден құралған топ командалық есепте жетінші орынды,  «Менің роботым» байқауында үшінші орынды және «Айбын жұлдызы» кинопремиясында екінші орынды иеленді.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штаб бастығының 2016 жыл 18 мамырындағы №207 «Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедра студенттерімен оқу жиынын өткізу» туралы бұйрығы бойынша  2016 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында әскери кафедра курсанттары оқу жиынынан өтті.Оқу жиынында 35748 әскери бөлімінің оқу-материалдық базасы қолданылды.

Әскери кафедра курсанттары Шымкент қаласындағы Абай саябағында орналасқан Даңқ мемориалы жанында салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

2016 жылдың 13 мен 24 маусымы аралығында әскери кафедра курсанттары 35748 әскери бөлімінің «Дарбаза» оқу орталығында  өз машықтарын әскери жағдайда  шыңдады.

2016 жылдың 8 қарашасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының оқу материалдық-техникалық базасымен танысу мақсатында Шымкент гарнизонының бастығы полковник С.С. Баирбеков келді.

2016 жылдың10 қарашасында әскери кафедрада «Оңтүстік өңірлік қолбасшылықтың» өкілдері Университет бітірушілерімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскері қатарында қызмет атқаруды насихаттау туралы кездесу өткізді.

2016 жылдың 16 қарашасы мен 16 желтоқсан аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ  әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей-тойына  арналған акцияның   «Тәуелсіздік тұғырына 25 жыл» атты конференция 18 қараша күні ұйымдастырылды.

Конфренцияға әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жакып Амангельдиевич, Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстың қатысушысы, қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі Нұрлан Қадыр, М.Әуезов атындағы ОҚМУ  жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының төрағасы Төлебай Бекзат Октябрьұлы және әскери кафедра профессорлық- оқытушылар құрамы мен студентер қатысты.

2016 жылдың 14 желтоқсанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай үлкен іс-шара өткізілді. Іс-шарада М.Әуезов атындағы ОҚМУ бірінші проректоры Ж.Айменов және әскери кафедра бастығы подполковник Ж.Кенжебаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2016 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әскери кафедрада іс шара ұйымдастырылып,  әскери кафедра қызметкерлерін және әскери кафедраның үздік  студенттерін  ОҚМУ әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедра студенттері Қазақстан Республикасының азаматтарын құттықтап арнайы флешмоб ұйымдастырды.

2016 жылдың 7 желтоқсан күні әскери кафедра студенттері Абай атындағы Шымкент қалалық Орталық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған кітаптар көрмесіне қатысты.

Желтоқсанның 5 мен 9 аралығында әскери кафедра кітапханасында «Тәуелсіздік тұғырына 25 жыл» атты кітаптар көрмесі өткізілді. Студенттер Қазақстан Республикасының президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың,  1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы жаңа кітаптармен танысты.

        Биылғы жыл, яғни 2017 жылы 15 ақпанда  Кеңес  әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына байланысты 14 ақпанда  М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасында «Ерлікке тағзым» атты тематикалық кеш өтті.Кештің мақсаты студенттердің бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскери борышын атқаруға міндетті екендігін сезіндіру.
        Әскери кафедраның бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангелдіұлы баяндама жасап, іс-шараны ашып берді. 
        Кештің қонақтары Оңтүстік Қазақстан облыстық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қауымдастығының мүшелері, Ауған соғысының ардагерлері Әскери кафедраға еңбегі сіңген, 2 мәрте Қызыл жұлдыз Орденінің иегері, Ауған соғысының ардагері отставкадағы полковник Ибрагимов А.Т, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің  қауымдастығының төрағасы Рысбеков С.Е, қауымдастық мүшелері Березовский Ю.Ю, Оспанов Қ.С, әскери кафедраның оқытушысы Ауған соғысының ардагері  запастағы подполковник Раимбердиев К.Т, әскери кафедраның қызметкері Ауған соғысының ардагері Нуруллаев Х.А  және әскери кафедра офицерлері мен студенттері қатысып, ардагерлерге сый құрмет қөрсетілді.
 
 

       2017  жылдың 20 сәуірінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай  «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараға  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ОІ және ИТ жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты Байболов Қанат Сейтжанұлы, Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы полковник Шегебаев Абдугабит Курбанович, C.Рақымов атындағы Республикалық «Жасұлан» мектебінің бастығы полковник Тулеушев Газиз Ауесханович, Шымкент қаласындағы колледждер мен мектептердің 3500 студенттері мен оқушылары  және БАҚ өкілдері қатысты. Оқушыларға аталған ЖОО туралы ақпараттар беріліп, әскери техника және қару-жарақтар, атыс қаруымен саптық қозғалыстар мен әскери нормативтердің орындалуы көрсетілді. 

  

  

  

  

  

  



 2017 жылдың 4 мамырында  ОҚМУ әскери кафедрасының қызметкерлері мен студенттері  әскери кафедра атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, оларға  «Алғыс хат» тапсырып сый-сыйапаттар көрсетілді.

2017 жылдың 4 мамырында әскери кафедра студенттері Абай атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай саябағындағы Даңқ мемориалында өткізген   «Есімізде отты жылдар  елестері» атты іс-шараға қатысты.

2017 жылдың 5 мамырында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ басшылығы ұйымдастырған 7-мамыр Отан Қорғаушылар күніне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің  құрылғанына 25 жыл  толуына орай  және  Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналыста әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич баяндама оқыды және  ЖОО бірінші проректоры  Айменов Ж.Т. ардагерлерді, офицерлерді және студенттерді құттықтап, бірқатар қызметкерлерге Қорғаныс министрлігі атынан медальдар, облыстық әкімшілік атынан алғыс хаттар мен ЖОО атынан мақтау қағаздар тапсырды.

2017 жылдың 7 мамырында Шымкент қаласының орталық саябағында облыстық әкімшіліктің ұйымдастыруымен өткізілген Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шарада әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич  «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


Далалық оқу жиыны барысында курсанттар «Ақтас» оқу жаттығу алаңында атыс дайындығы нормативтерін орындап өздерінің біліктіліктерін көрсетті.

2017 жылдың маусым айында әскери кафедра курсанттары «Дарбаза» оқу жаттығу полигонында теориялық білімдерін практикалық түрде орындап жауынгерлік дайындықтарын шыңдады.

28.06.2017ж. Шымкент қаласы, Әль-фараби алаңында М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті және әскери кафедра курсанттарының далалық оқу жиынының аяқталуы туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлына баяндалды. Өз кезегінде облыс әкімі бітіруші түлектер мен курсанттарға құттықтауын жеткізді.

29.06.2017 ж. Әскери кафедра бітіруші курсанттарының далалық оқу жиынын аяқталуын қорытындылап, білім деңгейін жоғары дәрежеде көрсеткен курсанттарды марапаттау рәсімі өткізілді.Әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич болашақ офицерлерге құттықтау тілегін білдірді.



Абзал Орымбетов | page