Skip to Content

Әлеуметтік қолдау

СТУДЕНТТІК БІЛІМ БЕРУ КРЕДИТІ

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

 

 

Студенттерді әлеуметтік қолдау қызметі

Студенттерді әлеуметтік қолдау қызметі ректордың бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Қызметтің негізгі мақсаты - әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жақсы оқитын студенттерге мемлекеттік грантты иеленуге, сонымен қатар студенттерге жеңілдетілген білім несиесін алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсету болып табылады.

    Қызмет құрамы екі адамнан тұрады:  
а) Жетекші;
ә) маман.

Жетекші- Мамыт Алия Аралбайқызы

    Қызмет студенттерге қатысы бар, кез-келген заңды, нормативті-құқықтық құжаттардағы талаптардың орындалуын қадағалайды және жүргізеді.
    Қызмет мемлекеттік бағдарлама бойынша және университет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы студенттерге және олардың ата-аналарына кеңес беріп отырады.
    Қызмет мемлекеттік грант пен жеңілдетілген білім несиесі бағдарламасына үміткер студенттермен, басқа да әлеуметтік мұқтаж студенттермен талапқа сай ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді және құжаттарын жинақтап, тиісті ұйымдарға өткізеді.
    Мемлекеттік грант, жеңілдетілген білім несиесі бағдарламасына үміткер студенттерге, басқа да әлеуметтік мұқтаж студенттерге заң аясында көмек беру барысында құқық бұзушылық әрекеттерге жол берілмеуін бақылайды.
    Қажетті жағдайда кәсіподақ ұйымымен, жастар ісі комитетімен, басқа да құзырлы ұйымдармен бірлесе отырып, комиссия құра алады.
    Әлеуметтік мұқтаж студенттердің өтініштері тиісті құжаттармен дәлелденген жағдайда, университет ғылыми кеңесіне, несиеге үміткер студенттердің құжаттарын Банкке ұсына алады.
    Қызмет өз жұмысының барысы туралы университеттің ТжӘЖ жөніндегі проректорына баяндап, есеп беріп отырады.
    Студенттерге әлеуметтік көмек оның арызы негізінде көрсетіледі.
Әлеуметтік қолдау көрсетілуі үшін, студент Қызметке қажетті құжаттарды тапсырады және ол құжаттардың растығына жауап береді.
 
Көмек көрсетілетін студенттердің әлеуметтік топтары:
- Жетім және ата-ана қамқорлығынан айрылған студенттер.
-  Мүгедек студенттер.
-  Мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқылы, мұқтаж отбасыдан шыққан студенттер.
-  Асыраушысынан айрылған отбасынан шыққан студенттер.
-  Толық емес отбасынан шыққан студенттер.
-  Ата-анасы мүгедек студент.
-  Көпбалалы отбасынан шыққан студент.

 Әлеуметтік көмек көрсету үшін  қажетті құжаттар:
1. Грантқа үміткер студенттерге:
- қосымша білім гранттарын бөлу Комиссиясының атына жазылған өтініш;
- сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипті университет ректорының қолымен расталады;
- жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі.
2 Жеңілдетілген білім несиесіне үміткер студенттерге:
- жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
- РНН;
- ӘЖК;
- тұрғылықты тіркелген мекен-жайдан анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі;
- жылжымайтын мүлік туралы анықтама;
- ЖОО мен студент арасындағы келісім-шарт көшірмесі;
- семестрге арналған төлемақы есебі;
- мамандық, курс, оқу түрі туралы оқу орнынан анықтама;
- оқу үлгерімі туралы анықтама;
- Әлеуметтік ахуалын растайтын анықтама.

Жеңілдетілген  білім несиесінің мақсаты

        Жеңілдетілген білім несиесі ҚР-ның жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын аз қамтылған студенттерге көмек көрсету мақсатында беріледі.

Жеңілдетілген білім несиесінің талаптары

1.Студенттің үлгерімі.
«Жақсы» және «өте жақсы» және екі «үштіктен» көп емес.

2.Әлеуметтік жағдайы:

- Ата-ана қамқорлығынан айырылған жетім студенттер;
- Мүгедек студенттер;
- Ата-аналары мүгедек студенттер;
- Көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан студенттер;
- Ата-аналары зейнеткер жасқа жеткен студенттер;
- Министрлік шешімі бойынша анықталған студенттердің басқа да топтары, аз қамтылған отбасы;

Жеңілдетілген білім
 несиесінін қайтару мерзімі
-Оқу курсын толық аяқтағаннан 6-айдан кейін, студент әскери борышын өтеуге шақырылса, 1 (бір) жылдан кейін;
-Екінші ЖОО түскен жағдайда 2 (екі) жылдан кейін,;
-Бала күтіміне байланысты демалысқа шықса, 3 (үш) жылдан кейін;

Жеңілдетілген білім
 несиесінің тоқталуы
-Кешірімді себептермен (ауру, білім грантына ауысса) жеңілдетілген несиені тоқтатса, несие келісім шартында көрсетілген мерзімде ақшаны кері қайтарады.
-Кешірімсіз (белгісіз) себептермен (академиялық үлгерімнің төмендеуі, оқу тәрбие тәртібін бұзған жағдайда т.б.) немесе өз еркімен несиеден бас тартқан жағдайда, студент оқуды тоқтатқан күннен бастап бір жыл оқу көлемінде несиені кері қайтарады.

Несиелендірудің нұсқасы ретінде несиені қайтара алу мүмкіндігі қарастырылған. Несиемен қамтамасыз ету үшін кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік немесе жеке тұлға немесе заңды тұлғаның кепілдігі қажет.
Егер несие алушының кепілдік беретін мүмкіндігі болмаса, Банк-агентке жылжымайтын мүліктің жоқ екендігі туралы анықтама беріледі және кепілдік  ретінде жоғары оқу орыны мен «Қаржы орталығы» АҚ біріккен кепілдігі жүреді.
  Студенттердің әлеуметтік жағдайы туралы көрсетілген құжаттарын жоғары оқу орындарының анықтамаларын, өкілетті органдардың сәйкестендірілген анықтамаларын Банк-агентке ұсынады.
Олар: Студенттердің аты-жөні, курсы, мамандығы, оқу ақысы көрсетілген анықтама.Ақшаны аудару үшін, жоғары оқу орындарда шоттары (риквизиты).

Қызмет университет көлемінде студенттік кәсіподақ ұйымымен бірлесе студенттердің әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне ат салысып келеді.



Абзал Орымбетов | page