Skip to Content

Қоғамдық кәсіптер факультеті

Факультет деканы ҚР еңбек сіңген қайраткері Әбдіраимова Сабираш Бимұрзақызы

Факультет деканы орынбасары-Тагаев Жанибек

Факультеттің бас маманы - Кашкынбаева Жанна Бауыржановна

           М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде студенттердің негізгі мамандықтарына қосымша қоғамдық кәсіптерді игеріп, мәдени талғамдық және көркем-шығармашылық бейімділігін арттыру, тәрбие жұмысының нәтижелілігі мен сапасын дамыту мақсатында 2004 жылдың сәуір айында қоғамдық кәсіптер мамандарын дайындайтын қоғамдық кәсіптер факультеті құрылған. Университеттің тәрбие жұмысы мен мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастырып өткізу факультет жұмысының негізгі тармақтарының бірі болып табылады.

           Факультеттің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Студенттердің жеке қажеттіліктері және нарықтық сұраныс пен еңбек нарығының талабына сәйкес, студенттердің қосымша кәсіп игеруіне шынайы түрде мүмкіндік туғызу:
  • Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық және мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту;
  • Республикамыздың болашақта өркендеуіне үлес қосатын студент-жастардың отаншылдық, рухтық сезімін қалыптастыру;
  • Факультет тыңдаушыларының мәдени талғамдық, көркем шығармашылық бейімділігін арттыру, және көркемдік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру;
  • Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында болашақ мамандардың мәдени тәрбиесі мен парасаттылығын қамтамасыз ету;
  • Кәсіби қызмет жағдайында студенттердің басқару мәдениеті негізін қалыптастыру (маркетинг, менеджмент негізінде)
  • Студенттердің сабақтан тыс уақыттарында өмір тіршілігінің ерекше қалпын және мәдениетін қалыптастыру.
           Факультеттің 2 жылдық курсын бітірген студенттерге аттестациялық комиссияның шешімімен факультетте алған қоғамдық мамандығы бойынша куәліктер беріледі. Факультеттегі оқу процесі бекітілген сабақ кестесі бойынша студенттердің негізгі сабақтарынан тыс уақытта өткізіледі. Факультеттің көркем-шығармашылық бағыт бойынша сабақтар өткізуі үшін №7 ғимараттағы 10 бөлме бөлінген. Университет деңгейінде мәдени іс-шаралар ұйымдастыру және үйірмелерде студенттерге сабақ өту үшін факультеттің фольклор ансамблі және вокалды аспаптар ансамбліне музыкалық аспаптар, ал вокал студиясына музыкалық аппаратура мен дыбыс күшейткіш музыкалық қондырғылар бөлінген. Жоғарыда аталған музыкалық аспаптар мен аппаратуралар университет және факультет деңгейінде ұйымдастырылатын барлық мәдени-көпшілік іс-шараларда толығымен пайдаланылады.
            Мәдени – көпшілік іс-шараларда факультет тыңдаушыларының шығармашылық қабілеттерін жоғары дәрежеде қалыптастырып, дамыту мақсатында факультетте төмендегі  көркем шығармашылық бағыттары жұмыс істейді.
- Ән (вокал) үйірмесі
- Би (хореография) үйірмесі
- Көңілділер мен Тапқырлар Клубы үйірмесі
- Вокалды аспаптар ансамблі үйірмесі
- Терме және айтыс үйірмесі
-  Домбыра үйірмесі
-  Көркем сөз шеберлері үйірмесі
-  Дефиле үйірмесі
-  Фольклорлық ансамбль үйірмесі (қобыз, флейта, ұрмалы аспап, домбыра және т.б).            
            Факультеттің көркемдік шығармашылығы            
            Факультетте университет студенттері өз тандауымен бейімділіктеріне сай үйірмелерде көркем шығармашылықпен айналысып оқып үйренеді. Белгіленген жоспарға сәйкес 2004 жылдан университет факультеттері аралық «Университет таланттары», «Студенттік көктем» өнер байқауларын ұйымдастырыр өткізеді. Байқаудың мақсаты: студенттердің мәдени талғамдық және көркем шығармашылық бейімділігін арттыру, мәдени, рухани дамуына, сонымен қатар талантты жастарды айқындап, қолдау көрсету. Байқау «эстрадалық әндер», «халық әндері», «терме және күй», «көркем сөз шеберлері» және «би» (хореография) жанрлары бойынша өткізіледі. Байқау жеңімпаздары қалалық, облыстық, республикалық байқауларға жолдама алады. Жалпы осы жылдар ішінде байқауларға 2000 - нан аса студент қатысып, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Осы байқауларда жүлделі орындарға ие болған «Қостұра» дуэті, студенттер Бокашев А., Кабаева З, Аманкулова Ж, Каюпов А., Серікбаев М., Танабаева Ұ.,Жолдасов Б., Сауранбекова А., Қырықбаев Е., Аршын Ілияс, Қасымбеков Ә, Ахметова Ж. және т.б. жеке әншілер және «Самұрық», «Қызғалдақ» «Бәйшешек» би топтары облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға жолдама алған болатын.   
Сонымен қатар факультеттің ұйымдастыруымен Ш. Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным», «Жастық әуендері», «Бұраң бел», «Ректор Кубогы» «Күлкі Кубогы» КВН сайысы, «Университет аруы» атты факультетаралық байқаулар мен фестивальдер, мерекелік театрландырылған іс-шаралар мен кездесу кештері, тақырыптық кештер ұйымдастырылып өткізіледі. 
 
           Факультет мамандары үйірмеледе тек студенттермен жұмыс жасап қана қоймай өздері де шығармашылық жұмыстармен айналысып, репертуарларын байытып, түрлі байқауларда өз бағын сынап келеді. Факультет мамандары жыл бойында 70-80 мәдени-көпшілік іс-шаранды өткізуге ат салысады. 2008 жылдың қыркүйек айында «Білім ортасы» атты Х-шы Бүкілресейлік форумда факультеттің «Самұрық» фольклорлық ансамблі, би тобы және әнші вокалистері Мәскеу қаласында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ондағы жұртшылыққа қазақ өнерін паш етіп қайтты. Бұл іс сапар 2009-2010 оқу жылында да жалғасын тауып, Ресейдегі Қазақстан елшілігінің арнайы шақыртуымен 2009 жылдың желтоқсан, 2010 жылдың наурыз айларында факультет өнерпаздары Мәскеу қаласында табысты өнер көрсетті.
            Факультет мамандары Балқаш қаласындағы гуманитарлық - техникалық университетінің мамандарымен шығармашылық іс - тәжірибе ауысу мақсатында іс - сапарға барып қайтты. 

►Ән үйірмесі

►Би үйірмесі

►Көңілділер мен Тапқырлар Клубы үйірмесі

►Вокалды аспаптар ансамблі үйірмесі

►Терме және айтыс үйірмесі

►Домбыра үйірмесі

►Көркем сөз шеберлері үйірмесі

►Дефиле үйірмесі

►Фольклорлық ансамбль үйірмесі



Абзал Орымбетов | page