Skip to Content

Ғылым және өндіріс департаменті

Ходжибергенов Даулетбек Тұрғанбекұлы

техника ғылымдарының докторы

Директор

Мекен- жайы: 160012 Шымкент қ-сы, Тәуке хан даңғылы, 5

«М.Әуезов атындағы ОҚМУ»  ШЖҚ РМК

корпус №16,каб.210

had_ji@mail.ru

жұмыс тел.:+7 (7252) 21-07-81,  ұялы тел.: +7 778 146 33 36

 

     Инновация рөлін жоғарылату, ғылыми жасалымдарды және жаңа технологияларды коммерциялизациялау мақсатында ШЖҚ РМК М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының 15.01.2015ж. № 7 бұйрығына сәйкес инновациялық орталықтың базасында ғылым және өндіріс департаменті құрылды. Ғылым және өндіріс департаментінің құрылымы Озық технологиялар орталығынан (жобаларды дайындау және рәсімдеу бөлімі, рұқсаттама құжаттарын дайындау бөлімі, тәжірибе-конструкторлық және жобалау бюросы), кәсіпкерлік және серіктестік орталығынан, жобаларды басқару орталығынан, HANSOL-SKSU технологияларды дамыту және трансферттеу орталығынан, 10 ҒЗИ, соның ішінде 9 зертханалар және 7 ҒО, 3 сектордан жәнередакциялық-баспа орталығынан құралған ИБАСЗ, ФХАТ «САПА» сынақ орталығынан құралған.

Мақсаты: ғылыми іс әрекеттердің тиімділігін жоғарылату үшін университет ғылымын топтау және ғылыми жасалымдарды жүзеге асыру механизмін құру.

Міндеттері:

-  білім беру процесінің сапасын, профессорлық-оқытушы құрамның және ғылыми қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілік дәрежесін және сұранысқа ие болуын жоғарылатуда университет потенциалын ғылымда максималды пайдалану;

- күрделі ғылыми-техникалық тапсырмаларды бірлесіп шешу және университеттің ғылыми жасалымдарын өндірісте кеңінен пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында халық шаруашылық слаларымен заманауи ынтымақтастық түрін дамыту;

- өндірістік іс әрекеттерді және қызмет көрсету ортасын интеллектуализациялау мақсатында университет ғылымын аймақтың экономикалық және әлеуметтік кеңістігімен біріктіру;

- «ғылым – бизнес өкілі» диалогын ұйымдастыру, жеке кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің, сонымен қатар ірі компаниялардың топ-менеджерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату;

- ірі кәсіпорындарда шағын ғылыми сыйымды кәсіпкерлікті және дара ғылыми сыйымды өндірістерді құруға көмек көрсету;

- түрлі қаржыландыру байқауларына ұсынымдар беру үшін инновациялық жаңа жобаларды дайындау;

- ғылыми жобаларды дайын технология, материал немесе бұйым түрінде нәтижеге ие болуы үшін оларды басқару және дайындау;

- әлеуетті коммерцияланатын жобаларды ҚР БҒМ ТКО, «ТДҰА» АҚ, сонымен қатар экономиканың түрлі салаларына ұсынуға дайындау;

- университетті кәсіпкерлік жоо айналдыру мақсатында коммерциялық құрылымдарын дамыту.



Абзал Орымбетов | page