Skip to Content

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі

Бөлім жетекшісі  - Рысдәулетов Райымберді Аманұлы

т.ғ.к., доцент

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160012, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, бас ғимарат, 212 каб.

Жұмыс телефоны: 30 12 35

Ұялы телефоны: 8702 454 24 20, 8707 554 24 20

эл.почта: raimberdi-67@mail.ru

 

    Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің қызметі:

Академиялық мәселелер жөніндегі Департаменттің Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі университет профессор-оқытушыларының, әкімшілік басқару және оқу-қосалқы құрамының біліктілігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Аталған контингенттің кәсіби біліктілігін курстар, семинарлар, мастер-кластар және тағылымдамалар аясында жоғарылатуын шұғыл, әрі сапалы қанағаттандырады.

Мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының теориялық даярлық барысындағы алған білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін нығайту және қалыптастыру, білім беру саласына жаңашыл, озық әдістерді, тәжірибелерді ендіру, оқытушылардың ғылыми ізденушілігіне жағдайлар тудырып, оның қорытындыларын оқыту процесінде тиімді қолдануына қолдау көрсету болып табылады.

Біліктілікті жоғарылату курстары университет профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін, педагогикалық шеберлігін одан әрі жетілдіруге арналған. Тыңдаушылар біліктілікті жоғарылату курстарында қазіргі заманғы білім берудің инновациялық технологияларын жете меңгеріп, алған білімдерін тәжірибелік қолданудың озық және тиімді әдістерімен танысады. Білім беру концепцияларына негізделген инновациялық технологияларды қолдана білуге дағдыланады және өзара әдістемелік тәжірибелерді кеңінен насихаттайды. Біліктілікті жоғарылату курстарының жұмыс оқу бағдарламалары заманауи фундаментальді психологиялық және педагогикалық ғылымдарға, инновациялық технологияларға және білім беру концепцияларына негізделген.

 

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің біліктілігін арттыру курстарының, семинар-тренингтерінің тізімі:

1.     ЖОО-да пәнді оқытудың интерактивті технологиялары.

2.     Жоғары мектеп педагогикасының көкейтесті мәселелері.

3.     Педагогикалық шеберлік мектебі.

4.     Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативті мәдениеті.

5.     Кредитік технология бойынша СӨЖ-ді ұйымдастыру.

6.     Іс-қағаздарын жүргізу. ЖОО-да құжат айналымын ұйымдастыру.

7.     Қашықтықтан оқыту: тьюторлар мектебі.

8.     Заманауи физикалық-химиялық зерттеу әдістері

9.     Менеджмент жүйесінде ішкі аудит.

10.       Білім берудің заманауи сандық технологиялары.

 

Бөлім қызметкерлері:

 

 

Мырзатаева Гульнар Сейдиновна – ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің жоғары білікті маманы

Мекен-жайы: 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас ғимарат, 212 бөлме.

Жұмыс телефоны: 301235

Ұялы телефоны: 8701 791 73 27

эл.почта: gulnarmir@mail.ru

 

 

 

 

 

«ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар

Әдістемелік семинар кезіндегі қызу пікір-талас

Тыңдаушыларға сертификаттар тапсыру

 



Абзал Орымбетов | page