Skip to Content

Ғылыми кеңес

 
 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
 
Ғылыми кеңесі
 
           М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ғылыми кеңесі сайланбалы өкілетті орган ретінде университетте жалпы басшылық атқарып, жоғары оқу орнын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
           Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жарғысын, сондай-ақ , жоғары оқу орны Ғылыми кеңесі қызметінің типтік ережелерін (ҚР Білім және ғылым министрінің 22.11.07 жылғы № 574 бұйрығы) басшылыққа алады.
           Ғылыми кеңестің мәжілістері тиісті оқу жылында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі .
           Ғылыми кеңес қызметінің мақсаттары: университетті дамытудың басымдықтары мен принциптерін жасау, бітірушілерді сапалы дайындау үшін заңнамалық құрылым әзірлеу, материалды ресурстар мен жұмыскерлердің біліктілігін, ұжымның нәтижелі қызметін сақтау және ұлғайту.
 
           Ғылыми  кеңестің  құзіретіне:
 
  • университет құрылымын бекіту;
  • университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • университеттің оқу және ғылыми бөлімшелерін (зертханалар, кафедралар, факультеттер (институттар) және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
  • университеттің даму тұжырымдамасын анықтау;
  • университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметінің барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;
  • оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызмет атқарудың барлық нысандары мен әдістері туралы жыл сайын ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімше басшыларының есебін тыңдау;
  • оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік нұсқауларды қарастыру және баспаға ұсыну;
  • студенттерді ақылы бөлімнен білім грантына және экстернат нысанында білім алуға ауыстыру туралы шешім қабылдау;
  • диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен PhD докторанттардың тақырыбы және ғылыми жетекшілері – кеңесшілерін бекіту;
  • жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
  • университеттің бюджеттен тыс қаржыны пайдалану, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету және өндірілуші өнімді сату арқылы алынатын табыстарын қайта инвестициялау бағыттарын анықтау;
  • ғылыми және құрметті атақтарды, атаулы шәкіртақылар мен сыйақыларды бекіту мен беру;
  • университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкімет наградалары мен құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселені қарастыру;
  • алқалы шешімді қажет ететін университеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарастыру кіреді.                                                                                                                                
     
 
 
 
 
 
 

 

 



Абзал Орымбетов | page