Skip to Content

Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау бөлімі

 

«...Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды».                                                                            

                                                                                                                                                        

 Н.Назарбаев

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2017

 

 

 

Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жетекшісі

 

Тукибаева Айнұр Сұлтанханқызы

 х.ғ.к.,доцент

Байланыс мәліметтері: ҚазақстанРеспубликасы, Шымкент қаласы, 160012, Тәуке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бас ғимарат, 212 бөлме

Жұмыс телефоны: 8-7252-21-05-93

E-mail: ainur_tukibaeva@mail.ru

 

Бөлім қызметкерлері:

 

Бейсенова Гулжан Абдуллаханқызы

 – біліктілік деңгейі жоғары дәрежелі маман – филология магистрі.

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160012, Тәуке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бас ғимарат, 212 бөлме

Жұмыс телефоны: 8-7252-21-05-93

E-mail: gulzhan185@mail.ru

 

Орынбекова Жадыра Абайқызы– біліктілік деңгейі жоғары дәрежелі маман

 

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160012, Тәуке-хан даңғылы 5, М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бас ғимарат, 212 бөлме

Жұмыс телефоны: 8-7252-21-19-71

E-mail: orynbekova.z@mail.ru

 

Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау бөлімі М.Әуезов атындағы ОҚМУ академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің құрамында университеттің ректоры бұйрығымен 2012 жылы шілде айында құрылды.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

-  ағылшын тілінде оқылатын пәндердің сапасын ұйымдастырып қамтамасыз ету;

-  ағылшын тіліндегі оқу үдерісін қамтамасыз ету бойынша факультет, кафедра және басқа бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру және бағыттау;

-  университетте ағылшын тілінде оқу үдерісін ұйымдастыру және білім алушылардың контингенті бойынша есеп мәліметтерін дайындау және құжаттама жүргізу;

-  оқытушылардың ағылшын тіліндегі деңгейін анықтау үшін әңгімелесу ұйымдастыру және жүргізу;

-  білім алушылар мен оқытушылардың ағылшын тілін меңгеруін жақсарту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.  

 

Бөлімнің негізгі қызметтері:

-       ағылшын тіліндегі пәндерді оқыту сапасын ұймдастыру және бақылау;  

-       ағылшын тіліндегі оқу үдерісін қамтамасыз ету бойынша факультет, кафедра және басқа бөлімшелердің жұмыстарын бағыттау;

-       оқытушылардың ағылшын тіліндегі деңгейін анықтау үшін университет оқытушыларымен әңгімелесуді жүргізу;

-       ағылшын тілінде пәндерді оқыту сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар ұймдастыру;

-       ОҚМУ-да үштілді білім беру мәселелері бойынша ҚР БжҒМ-не қажетті құжаттардың сапалы және өз уақытында орындалуын ұйымдастыру;

-       үштілді білім беру мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық құжаттардың орындалуын бақылау;

-       ағылшын тілінде пәндерді жүргізу бойынша университет оқытушыларына кеңес беру.

 

     М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де ағылшын тілінде білім беру 2004-2005 оқу жылынан бастап  жүргізіледі.

     Ағымдағы оқу жылында ағылшын тілінде білім беру университеттің 9 факультетінде,  бакалавриаттың 25 мамандықтарында педагогикалық оқу жұмыс бағдарламасы бойынша,  инженер-техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарында 3-4 курстарда 412 студенттен тұратын 44 арнайы ағылшын топтары құрылды. Шет тілінде білім беруді ұйымдастыру барысында  102 оқытушы-профессорлық құрамын кұрайды. Жалпы есеппен алғанда 174 пән ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер жалпы курстық пәндердің  48%-ын құрайды.          

     2016-2017 оқу жылынан бастап «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 Қаулысына сәйкес университетте барлық мамандықтарда үш тілде білім беру енгізілді, яғни білім беру саласындағы жоспарлау мен ұйымдастырулар үш тілде жүзеге асырылады: оқу тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде. Оқу пәнінің 50% оқыту тілінде  (қазақ немесе орыс), 20 % оқу пәні – екінші тілде (орыс немесе қазақ), және 30 % ағылшын тілінде жүргізіледі. 



Абзал Орымбетов | page