Skip to Content

Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті

Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры

 

Байқонысов  Ербол  Рәбілұлы

 

Мекен жайы: Тәуке хан көш. 5, Бас ғимарат, 268-бөлме

Байланыс телефон: 8 (7252) 21-46-77

 

►Жастар орталығы
►Қоғамдық кәсіптер факультеті
►БАҚ бөлімі
►Студенттік кәсіподақ комитеті
►ОҚМУ спорт клубы
►Мұражай

 

Тәрбие ісі және жастар саясаты  департаментінің негізгі мақсаты мен міндеттері:

 Білім беру ұйымдарындатұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

Студент  жастарды   азаматтылыққа, отансүйгіштікке, толеранттылыққа, адам құқықтары мен   бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге.

Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.

Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы студент жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының азаматтары, және патриоттары ретінде қалыптасуын және жалпы білімге икемділігін, өзін - өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

Әлеуметтік мәселелерді шешу;

Студенттердің әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігін, соның ішінде жетімдер мен мүгедектерді қорғау мен қолдау; 

факультеттер мен кафедралардын, құрылымдық бөлімшелердің тәрбие үрдісін әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру жұмыстарымен қамтамасыз етуін қадағалау;

факультеттерде тәлімгерлер сағаттары мен түрлі тәрбиелік іс-шараларды өткізу;

университет жастарын қазіргі заманға сай тәрбиелеу құрылымының мониторингін құрастыру және ұйымдастыру;

белсенді студенттердің атқарған істерін бақылау, бағыт беру және олардың ой – пікірлерін қолдау;

университеттің тәлімгерлер кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;

Ғылыми кеңес пен ректорат жұмыстарына қатысу, және тәрбие жұмыстары бағытындағы шешімдердің орындалуын қадағалау;

факультеттердің, кафедралардың тәрбие жұмыстары бойынша жылдық есептерінің дайындалуын қадағалау, университеттің студент жастарының тәрбие деңгейінің мониторингін өткізу, дөңгелек үстел, семинарлар, құқық сақтау органдары, денсаулық сақтау департаменті және наркодиспансер мамандарымен кездесулер ұйымдастыру;

университеттің тәрбие жұмысы бағытындағы оқу жылы есептерінің дайындалуына ықпал жасау;

университет қызметкерлерінің, оқытушылар мен студенттердің тәрбие жұмысын ұйымдастырып қадағалау.

 

 Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма негізігі бағыттар бойынша жұмысын атқарады:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары
  2. Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие
  3. Рухани-адамгершілік тәрбие
  4. Кәсіби-еңбек тәрбиесі
  5. Діни толеранттылықтың қалыптасуы
  6. Дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру
  7. Экологиялық тәрбие
  8. Интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту
  9. Мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие
  10. Студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту

 



Абзал Орымбетов | page