Skip to Content

СҒЗЖ бағыттары

     Студенттердің ғылыми жұмысының мақсаты – ғылыми-техникалық        және мәдени  даму жетістіктерін тәжірибе іс-әрекетінде шығармашылық қабілетімен қолдана алатын жоғары білімді мамандарды тәрбиелеп даярлау.

 

    Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

 

    - Студенттерді өнертапқыштық шығармашылығына және жетілдіру жұмысына жұмылыдыру;

 

    - жастардың түрлі ғылыми шығармашылығын дамыту мен жүйелеу үшін қолайлы жағдай жасау, олардың отандық және шетелдік тәжірибелеріне сүйене отырып, ғылыми және ғылыми – техникалық нәтижелерін талдау;

 

    - студенттің жеке дамуын жанжақты қолдау, оның өзіндік бағасын әділ құруына, шығармашылық ұжымдағы жұмысына дағдылануына, ұйымдастырушылық және инновациялық жігерлігін қолдау;

 

- студенттерге техникалық және ғылыми бағыттардағы әртүрлі маңызды мәселелерді шешуге, зерттеудің маңызды нәтижелерін жариялауға мүмкіндік беру;

 

- қабілетті, дарынды және талантты жастарды оқу орнымыздың педагогикалық және ғылыми кадрларын толықтыру үшін нәтижелі іріктеумен қамтамасыз ету;

 

    СҒЗЖ ұйымдастырудың негізгі принциптері:

 

    - жалпығылыми, жалпытехникалық пен арнайы дайындық деңгейін ескере отырып, студенттерді түрлі шығармашылық іс-әрекетке қатыстыру;

 

    - ғылыми ізденістердің көлемінің ұлғаюы мен міндеттемелердің қиындығының есебінен ізденіс жұмыста студенттердің үздіксіз қатысуы;

 

    - студенттер жұмыстарын  үздіксіз және нақты ұйымдастыру үшін барлық курс студенттерін қатыстыру;

 

    - ғылыми – зерттеу ұйымдары мен кәсіпорындармен тығыз байланыста болып ғылыми жұмыстың нақты және өзектілігін қамтамасыз ету;

 

    - студенттердің белсенділігі мен ұстамының  тірегі;

 

    - барлық курс студенттерін олардың жұмысының нақты ұйымдастыруын үздіксіз жалғастыруға тарту;

 

    - СҒЗЖ ұйымдастырудағы студенттер, оқытушылар,  әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен  әкімшіліктердің  жұмысындағы маңызды қарым-қатынас;

 

    Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысының түрі.

 

    Ғылыми – зерттеу жұмысы мен студенттердің шығармашылық жұмысының түрі екі категорияға бөлінген;

 

    - оқу үрдісіне ендірілген СҒЗЖ түрі;

 

    - оқудан тыс уақытта орындалатын СҒЗЖ түрі.



Абзал Орымбетов | page