Skip to Content

Студенттік өзін-өзі басқару “Студенттік Кеңес”

Студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік Кеңес»

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы-5, Бас ғимарат, 107 бөлме

Сымтетік: 8(775) 786 86 43

e-mail: studik107@mail.ru

               vk.com/belsendyzhastar

 

 

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттік ректоры
 
Есжан Талғат Қазбекұлы
 
Телефон: 8 (775) 786 86 43

 

 

 

 

 

 

 

     Студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік Кеңес» университетімізде 2002 жылы құрылған. «Студенттік Кеңестің» басқа қоғамдық жастар ұйымдарынан бір ерекшелігі әр айдың 20 жұлдызында университет бойынша  «Студенттердің өзін-өзі басқару» күнін өткізеді. Бұл күні университеттің ректоры, проректоры, декандардың орнына студенттер отырып, бір күн бойы барлық жұмысты студенттердің өзі атқарады.

Сондай-ақ студенттер мен олардың ата-аналарын түрлі сұрақтармен қабылдап, түрлі кездесулер өткізеді.  Бұл күні студенттердің сабаққа қатысуы, асханалар мен кітапханалардың жұмысы, жатақханалар т.с.с. көптеген тексерулер жүргізіледі. Сондай-ақ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері Қазақстандағы ЖОО арасында алғашқы болып жастардың қызығушылығымен қажеттіліктерін тану және әлеуметтік маңызды бастамаларын жүзеге асыру үшін студенттердің құқықтары  жөніндегі Билль жобасын жасады.

Ұйымның мақсаттары мен міндеттері:

·  Университеттің студенттер қоғамын демократизациялау;

·  Студент жастар арасында азаматтық бағытты дамыту;

·  Жастардың шығармашылық белсенділігін және студенттердің  әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында  жауапкершілігін арттыру;

·  Студент жастарды университеттегі қоғамдық  сала мен ғылымға белсенді атсалысуға  қызықтыру;

·  Студенттердің бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

·  Студенттердің бойында азаматтық құндылықтарды дамыту;

·  ҚР-ның Мемлекеттік жастар саясатында тіркелген концепциялық құқығын сақтауын  қамтамасыз ету;

·  Студенттердің оқу процесінде пайда болатын мәселелерін анықтау;

·  Жемқорлықты анықтау, оның алдын алу және күресу;

·  Салауатты өмір салтын насихаттау;

Жастарды көшбасшылыққа, патриоттыққа тәрбиелейтін, ұйымдастырушылық қасиетін арттырға бағытталған бағдарламаларды дайындау және оларды жүзеге асыру.

 



Абзал Орымбетов | page