Skip to Content

Студенттік кәсіподақ комитеті

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы: Қорғанбаев Жандос Алтынбекұлы

Мекен жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Бас ғимарат, 106 каб.

Байланыс телефон: 8(7252) 30-07-88

Кәсіподақтың негізгі мақсаттары және принциптері
          Одақтың негізгі мақсаттары:
  • одақ құрамына кіретін, мүшелік ұйымдардың қызметін біріктіру және үйлестіру;
  • кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек және басқа құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету;
  • салалық кәсіподақтардың қызметінің кепілдігін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
          Одақ төмендегідей принциптерді басшылыққа алады:
  • одаққа ерікті кіру және одан ерікті шығу;
  • қызметтегі дербестік, оның мүшелерінің тең құқықтығы, әріптестік, диалог және ынтымақтастық;
  • одақ органдары қызметіндегі барлық мәселелерді қарау және шешудегі алқалылық, сайланушылық, жариялылық;
  • жалпы міндеттерді жүзеге асырудағы өзара көмек және жәрдем, ынтымақтастық;
  • ішкі кәсіподақтық тәртіпті сақтау;
  • жарғыға қайшы келмейтін, Одақ шешімдерін орындауға міндеттілік;
  • Одаққа мүше әрбір ұйымның өз позициясын, азшылықтың көзқарасын құрметтеу, оны өзара түсіндіру.
                   
Кәсіподақ қызметінің мазмұны және түрлері
          Одақ өз мақсатына жету үшін, қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:
  • өкімет, мемлекеттік басқару органдарында, сот органдарында жұмыс берушілер және олардың бірлестігі мен өзара қарым-қатынасында, мүшелік ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің және кәсіподақ мүшелеріне өкілдік етеді;
  • салалық қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарына байланысты заң, басқа нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша өз ұсыныстарын әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  • заңдардың және нормативтік актілердің орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, олар өрескел бұзылған жағдайда қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша, мемлекеттік және атқару билігі органдарына, сот және құқық қорғау органдарына, жоғарғы тұрғын кәсіподақ ұйымдарына өтініш жасауға құқылы;
  • Одақ мүшелеріне тегін құқықтық және ақыл-кеңестік көмек көрсетеді;
  • кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастырады;
  • жеке және студент пен студент, студент пен оқытушылар арасындағы дауларын, жанжалдарды, реттеуге және шешуге қатысады, Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған, қызметкерлердің еңбек әлеуметтік- экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кез-келген түрлерін пайдаланады, мүшелік ұйымдардың ұжымдық іс-әрекеттерін үйлестіреді;
  • сауықтандыру шараларын ұйымдастыруға көмектеседі, жасөспірімдерді сауықтандыру бойынша шаралар қолданылады, қайырымдылық көмек;
  • өзінің және өзге жақтан тартылған ақшалай қаражаттары есебінен, Одақ мүшелерінің әлеуметтік-жағдайын қорғау және жарғылық талаптарды орындау мақсатында қорлар ұйымдастырылады;
  • ақпараттық-консультативтік, насихаттық және баспалық қызметті жүзеге асырады, бұқаралық ақпараттық құралдарда өз жұмысын баяндайды;
  • заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентіне және жергілікті өкілеттік органдарға депутаттар сайлауға қатысады.
 
Жалпы ереже
          Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Республикасы білім және ғылым     қызметкерлері кәсіподақтар Одағы» (бұдан кейін Одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады, ұйымдық-құқықтық түрі білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық, аумақтық (Алматы, Астана қалалары) Кәсіподақ ұйымдары-заңды тұлғаларының ерікті бірлестігі.
          Одақ өндірістік-салалық принцип және аумақтық принцип бойынша, Одақ қызметінің құқықтық кепілдігін нығайтуға, іс-қимылдарын топтастыру және үйлестіру, заңды құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету үшін құрылады.
          Одақ заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдары, Одақ Жарғысы және Құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
          Одақ өз мүшелерінің мүлкінен бөлек мүлікке иелік етеді және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілік артпайды.
          Одақтың өз балансы, банкіде есепшоты, мөрі, бланкілері және жарғылық қызметіне қажетті басқа атрибуттары болады.
          Одақ коммерциялық емес ұйым ретінде, Қазақстан Республикасы аумағында өз филиалдарын – құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.
          Одақ өз қызметінде мемлекеттік өкімет органдарынан, жұмыс берушілер және олардың бірлестіктерінен, саяси партиялар және басқа қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз, оларға есеп бермейді және бақылауында болмайды, олармен өз қарым-қатынасын әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде құрады.
          Одақ жарғылық мақсаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтарымен ынтымақтасады, шетелдік кәсіптік одақтармен және ТМД елдері кәсіподақтарымен қызмет бабында байланысқа шығады, республикалық және халықаралық кәсіподақ қозғалысына қатысады.
          Одақ қызметінің мерзімі шектелмейді.
          Мемлекеттік тілдегі фирмалық атауы:
Толық: Заңды тұлғалар бірлестігі «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік кәсіподақ комитеті»;
Орыс тіліндегі атауы: Обьединение юридических лиц «Студенчески профсоюзный комитет Южно – Казахстанский государственный университет имени М. Ауезова».
 

 



Абзал Орымбетов | page