Skip to Content

Студенттік бастамалар

                                                                                      

 

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінің химиялық және мамандандырылған                   зертханаларында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау бойынша

СТУДЕНТТЕРДІҢ БАСТАМАСЫ

 

Алғы сөз

Біздер, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Студенттерінің өкілдері, 2014 жылдың 22 желтоқсанында Шымкент қаласында өзіміздің ЖОО қабырғасында өткен Студенттік кеңес отырысына жиналдық. Өз университетіміздің студенттері атынан Химиялық және мамандандырылған зертханалардағы жұмыстар кезінде техника қауіпсіздігін сақтау туралы бастама көтеріп отырмыз.

 

Кіріспе

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Университетінің студенттік кеңесі бұл бастаманы зертханалардағы жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтау маңыздылығына студенттердің түсіністікпен қарауын маңызды қадам ретінде қарастырып отыр. Университеттің Химиялық және мамандандырылған зертханаларында зертханалық жұмыстар қарастырылған барлық мамандықтарында оқитын студенттер осы бастаманы қолдайды. Осы бастаманы қабылдауға студенттердің зертханалардағы жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтау керектігін жете түсінбегендігі және білім алушылардың қауіпсіздік техникасы талаптарымен танысу үрдісін жетілдіру қажеттігі негіз болып отыр.

 

Мүмкін қауіп-қатерлер

         Біздер, Химиялық және мамандандырылған зертханаларындағы жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерінің талаптары зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі қауіптерді төмендетуге бағытталғандығын түсінеміз. Қауіп-қатер термиялық және химиялық күйіктерден, улы булармен уланудан, электр тогының салдарынан болатын тілінулер сияқты факторлардан тұрады. Химиялық және мамандандырылған зертханаларындағы жұмыс кезінде білім мен түсініктің өте маңызды және еңбекті қорғау бойынша нұсқау талаптарын қалтқысыз орындау керектігін түсінеміз. Біздер, зертханадағы жұмысты бастар алдында еңбекті қорғау бойынша нұсқаумен танысу, медициналық тексеруден өту және денсаулыққа кері әсер келтіретін көрсеткіштердің болмауы керектігін растаймыз.

 

Қауіпсіздік талаптары

         Біздер сақтауға міндеттіміз:

  • Жұмысты бастар алдында келесі қауіпсіздік талаптарын сақтауға:

 

  1. Алдын-ала оқытушымен бірге жұмысты жоспарлау;
  2. Улы және белсенді заттармен жұмыс жасарда жеке қорғаныс құралдарын дайындау;
  3. Қолды сабынмен тиянақты түрде жуу;
  4. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды, зертханалық  ыдыстар, реактивтер, приборлар, шикі затпен материалдарды дайындау;
  5. Желдеткіш жүйесінің, ауа тазартқыш және кептіру шкафтарының істен шықпағандығына көз жеткізу;
  6. Жеке өрт сөндіру құралдарының бар екендігін және алғашқы көмек көрсету үшін медициналық қорапша, өрт сөндіргіш, киіз немесе жүннен жасалған жамылғы, құм салынған жәшіктің бар екенін тексеру;
  7. Жабдықтардың істен шыққандығын немесе  істен шығу белгілерінің кез-келген түрін (түтін, от, иіс және т.б) байқалған кезде жедел түрде жетекшіні хабардар етуге міндеттіміз.

 

  • Жеке қорғаныс жабдықтарын  пайдалануға қойылатын талаптар:

 

  1. Зертханадағы жұмыс кезінде мақта матадан жасалған халатты кию қажет, шашты жинап қою керек;
  2. Улы газдар мен шаң бөлінуімен байланысты жұмыстарды жасаған кезде тыныс алу органдарының қауіпсіздігі үшін респераторлар немесе проивогаздар және басқа да сақтану құралдарын пайдалану қажет;
  3. Күйдіргіш және улы заттармен жұмыс жасағанда фартук кию керек, көз бен қолды сақтау үшін жеке қауіпсіздік құралдарын қолдану қажет;
  4. Қышқыл, сілті, тұздар, еріткіштердің әсерінен қолды сақтау үшін резеңке қолғаптар қолдану қажет;
  5. Қолғаптың тесігі тілінген және басқа да бұзылулары болмауы тиіс. Қолғапты киер кезде ішіне тальк сеуіп қою керек;
  6. Көзді сақтау үшін түрлі типтегі көзілдірік, қалқанша, бетперде кию қажет.

 

  • Төменде көрсетілген жұмыс кезіндегі қауіпсіздік сақтау шарттары:

 

  1. Зертханада жұмыс жасау кезінде жұмыс орнанда тазалық, тыныштық және тәртіп сақтау;
  2. Кез – келген заттың дәмін татып көруге тиым салынады.
  3. Газдардың реакциясы кезінде шығатын иісті анықтау қажет болған жағдайда алақанмен жәй ғана газдың иісін, ыдыстың аузынан өзіңе қарай желпіп, абайлап қана иіскеу керек;
  4. Жұмысты орындау кезінде бет пен қолдың терісіне улы заттарды тигізіп алмау керек, себебі көптеген заттар тері мен шырышты қабаттың тітіркенуіне әкеліп соқтырады;
  5. Тәжірибені тек қана таза ыдыста жасау керек;
  6. Заттар мен ерітінділердің қорабын аузы жағынан бір қолмен ұстап, ал екінші қолмен  оның түбі жағынан ұстау керек.
  7. Ерітінділерді  ыдыстан қисайтып құйған кезде оның жапсырмасы жоғары жақта болуын сақтау қажет. Ыдыстың аузында қалған тамшыны сұйықтықты құйып жатқан ыдыстың жоғары шетімен жайлап алу керек.
  8. Пипетканы қолданған кезде сұйықтықты ауызбен ішке қарай тартуға мүлде болмайды.
  9. Қатты химиялық реактивтерді шпательмен, пинцетпен немесе қасықпен (қолмен емес) алу керек;
  10.  Қатты сілтілермен жұмыс жасағанда міндетті түрде сақтандырғыш көзілдірігі мен қолғап киіп жасау керек;
  11.  Сұйықтықтарды химиялық варонкалар арқылы құю керек. Сұйықтықтың сыртындағы қорабын жапсырмасының үстінен жайлап бүлдірмей ұстау керек;
  12. Пробиркалар мен колбаларда сұйық және қатты заттарды қыздырғанда оның тесігін өзіне қарай бағыттауға болмайды. Сонымен қатар, төбесі ашық ыдыстарды қыздырғанда химиялық реакция нәтижесінде жайсыздықтарды болдырмау үшін жоғары жағынан үңіліп қарауға болмайды;
  13.  Улы және жағымсыз иісі бар заттармен барлық тәжірибелерді газ тартқыш шкафта орындау қажет;
  14.  Ерітінділер мен заттарды пробиркада қыздырғанда міндетті түрде ұстағышты қолдану қажет. Пробирканың тесігі өзінен және басқа жұмыскерлерден басқа жаққа қарай бағытталуы қажет;
  15.  Концентрацияланған қышқылдар мен сілтілерді араластырғанда қышқылды суға (немесе сілтінің концентрацияланған ерітпесін) порциялармен құю керек, бірақ керісінше жасауға болмайды;
  16.  Реакциялардағы қауіпті өнімдерді газ тартқыш шкафта тек қана сәйкес банкаларға төгуге болады;
  17.  Электр приборларын қолданғанда барлық ережелерді сақтау қажет. Приборды желіге қосарда ток өткізгіш сымдар мен жерлендірудің дұрыстығын сырт көзбен тексеру қажет. Жұмыс кезінде приборды қараусыз қалдыруға болмайды. Қозғалып тұрған прибордың бөлшектерін, электр қозғалтқыш пен электр өткізгіш бөлшектердің тегершігін қолмен ұстауға тиым салынған. Жұмыс істеп тұрған кезінде приборды майлауға және тазалауға болмайды. Жұмысты аяқтаған соң приборды электр желілерінен ажырату қажет. Өрт кезінде дереу токты өшіріп, дәрігер шақыру қажет;
  18.  Жұмыс соңында электр жылытқыштар мен басқа да электр приборларын қосылып қалуына жол бермеу керек;
  19.  Зертханалық щиттердегі ашық түйіспелерге, сонымен қатар электр қозғалтқыштар, электр жылытқыштар және т.б түйіспелерге қол жеткізуге қатаң тиым салынады;
  20.  Бөлшектері бар жабдықтардың жұмысы кезінде аса сақ болу қажет. Осы бөлшектерге тимеу керек және киімнің салбыраған жерлері тиіп кетпеуін қадағалау қажет;
  21.  Барлық сұрақтар бойынша оқытушыдан сұрау қажет;
  22.  Қышқылдар мен сілтілірдің ерітіндісін, сонымен қатар түрлі органикалық ерітінділер, иісі қатты шығатын, отқа қауіпті заттарды раковинаға төгуге қатаң тиым салынады. Барлық қалдықтарды көлемі 3 л кем емес қақпағы бар арнайы шыны ыдысқа төгу керек.
  23.  Зертханада тамақ жеуге қатаң тиым салынады.

 

  • Жұмыс біткен соң орындалатын қауіпсіздік талаптары:

 

  1. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру;
  2. Артылып қалған реактивтерді тастауға болмайды;
  3. Реактивтерден қалған ерітінділерді көлемі 3 л кем емес қақпағы бар арнайы шыны ыдысқа құю (тазалау мен жою үшін);
  4. Зертханалық жабдықты газ тартқыш желдеткішті және электр приборларды өшіру;
  5. Арнайы киім мен жеке қауіпсіздік жабдықтарын шешу;
  6. Қолды сабынмен мұқият жуу. Бөлменің ауасын тазарту.

 

  • Апат болған жағдайдағы қауіпсіздік талаптары:

 

  1. Зертханалық ыдыс сынған жағдайда оның сынықтарын қолмен жинауға болмайды. Осы мақсатта щетка мен күрекшені пайдалану қажет;
  2. Төгілген және сынған реактивтерді жинауда химиялық реактивтердің қауіпсіз жұмысы бойынша нұсқаулық талаптарын басшылыққа алу;
  3. Отқа тез тұтанғыш сұйықтық төгілген жағдайда және ол тұтанып жатса, жедел түрде жақын орналасқан өрт сөндіру бөліміне хабарлап, өрт ошағын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге кірісу қажет. (өрт сөндіргіш, құм немесе киіз);
  4. Суды жіберудің арасында барлық крандарды жабу қажет, әсіресе резеңке құбырлар арқылы келетін су ағатын крандарға назар аудару қажет;
  5. Егер, жарақат алған жағдайда тез арада алғашқы көмек көрсету қажет, ол туралы ЖОО-ның әкімшілігін хабардар ету керек. Қажет болған жағдайда жарақаттанушыны жақын жердегі емхана мекемесіне жіберу қажет;
  6. Электр тогынан жарақат алған жағдайда жарақат алушыны тез арада ток өткізбейтін құралдың көмегімен сымнан алшақтау жерге апарып, тоқты өшіру жолын қарастыру керек;
  7.  Егер жұмыс кезінде зертханалық жабдықтың істен шығуы орын алған болса немесе электр құралдарының және ол кішене болса да токтың әсерінен екенін сезсе, дереу жұмысты тоқтатып бұзылған электр приборды токтан ажыратып жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін жетекшісін хабардар ету керек.

 

Қорытынды

         Жоғарыда аталған қауіпсіздік талаптарының барлық талаптары бізге түсінікті екенін растаймыз және оқу кезінде және өзіміздің кәсіби қызметімізде сол талаптарды сақтай отырып жұмыс жасауға міндеттенеміз.

 



Абзал Орымбетов | page