Skip to Content

Семинарлар

         Үкіметаралық қазақстандық-британдық «Ньютон –  әл - Фараби» серіктестік бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында ашылған Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы Ғылыми жобалардың менеджменті және басқарылуы бойынша тренинг өткізді...

     
 
   

 

ҒЫЛЫМИ ЖОБАРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ БАСҚАРЫЛУЫ

 

Үкіметаралық қазақстандық-британдық «Ньютон –  әл - Фараби» серіктестік бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында ашылған Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы Ғылыми жобалардың менеджменті және басқарылуы бойынша тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – ғалымдарға жоба менеджменті ұстанымдарына сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және басқару дағдыларын арттыру болып табылады. Екі күндік тренинг 16-17 мамырда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің №16 ғимаратының мәжіліс залында өтті. 

«Жоспарсыз іс – ескексіз қайық». Жобаны басқару дағдылары зерттеуді жүргізуде өте маңызды орын алады. Әртүрлі құралдар мен кейстер ұсынған бұл интерактивті тренинг қатысушылары сенімді түрде зерттеу жұмыстарын жобалай және жүргізе алады, сонымен қатар зерттеу жобаларын іске асыра алады.

Тренингте Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Шымкент, Тараз, Түркістан және Қызылорда қалаларының университеттері мен зерттеу институттарынан 24 өкіл қатысты. Тренинг қатысушылары зерттеушілер командасын қалай берік етуді, туындаушы мәселелермен қалай күресуді, зерттеу жұмысын басқару үшін қажетті процесстерді қолдануды, зерттеу жобаларын жоғары кәсіби деңгейде жүргізу үшін тайм менеджменті мен көшбасшылық дағдыларын қолдануды үйренді.   

            Тренингті өткізген әлемдік деңгейдегі жектекші тренерлер Тара Митчелл (Канада) және Д-р Эмос Фатокун (Ұлыбритания).

            Махашов Еркін Жұмағалиұлы, М.Әуезов атындындағы ОҚМУ-дің Ғылыми-зерттеу басқармасы директоры: «Ньютон –  әл - Фараби» серіктестік бағдарламасын өміршең деп білеміз. Біздің ғалымдар британдық ғалымдармен бірлесе отырып бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, инженерия және басқа да салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ілгерілетеді деп есептейміз. Еліміздің оңтүстік өңірінде қолданбалы ғылымды инновациялық дамыту мақсатында жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз».

Джим Буттери, Қазақстандағы Британ Кеңесі директоры, былай дейді: «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына әрекет ету мақсатында «Ньютон –  әл - Фараби» серіктестік бағдарламасы Ұлыбританияның тәжірибесін ғылыми-инновациялық қызметтерде қолдануға мүмкіндік береді. Байқауда жеңген университеттерді құттықтаймыз, және де сол орталықтар Қазақстан ғалымдарының дағдыларын арттыруда және де Ұлыбритания мен Қазақстанның ғалымдары арасында тұрақты және нәтижелі қарым-қатынас орнатуда қомақты үлес қосады деп үміттенеміз».

Амандық Қуатұлы Төлешов, «Ғылым Қоры» АҚ Президенті: «Қазақстандық ғалымдардың еңбектерін шетелдік ғылыми-зерттеу қауымдастығына енгізу шарттарын ескере отырып ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша қатысу Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі алғышарттардың бірі, біз, өз кезегімізде, еліміздің ғылыми-зерттеу потенциалын арттыруға үлес қосу үшін «Ньютон –  әл - Фараби» серіктестік бағдарламасында бүкіл Республикадан ғалымдар мен зерттеушілер қатысуын ұйымдастыруға бар күшімізді саламыз».

«Ньютон –  әл - Фараби» серіктестік бағдарламасы Ұлыбритания және Қазақстан үкіметтерімен екіжақты қаржыландырылады және де Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ету мақсатында зерттеу және инновация бағытында үкімет, мемлекеттік мекемелер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ЖОО, компаниялар мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық орнатады.  «Ньютон –  әл - Фараби» бағдарламасы координаторлары Ұлыбритания тарапынан British Council (Британ Кеңесі) және Қазақстан тарапынан «Ғылым Қоры» АҚ. 

«Ньютон –  әл - Фараби» серіктестік бағдарламасының бағыттарының бірі, зерттеудің нәтижелігін арттыру үшін Қазақстандық ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау мақсатында, кәсіби даму мен өзара әрекеттестікке ықпал ету болып табылады. Осы бағыт аясында British Council және «Ғылым Қоры» Қазақстанның әр аймағында сегіз университет жанында Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталықтарын ашуды ұйғарды.

«Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасы туралы ақпаратты толығырақ мына сілтеме арқылы таба аласыз: http://www.britishcouncil.kz/ru/newton-al-farabi

 

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:

 

Шымкент Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы

 

Нұржан Айнабеков

ite_sksu@mail.ru

Tel.: +7 (7252) 21 19 82

British Council

 

 

 

Елена Сим

communications@kz.britishcouncil.org

Тел.: +7 (727) 244 41 44

 

«Ғылым Қоры» АҚ

 

 

 

Асель Аманжолова

info@science-fund.kz

Тел.: +7 (717) 221 45 94

 



Абзал Орымбетов | page