Skip to Content

Оқытудың техникалық құралдар бөлімі

 
 
 
Бөлім бастығы: Баимбетов Наралы Әбдірұлы
 
Кабинет: №346,  Сымтетік:  21-01-89
 
 
 
 
 
 
            Бөлімнің кадрлық құрамы: жоғары білікті маман - инженер – 4, орташа білікті маман - техник – 1
            Оқытудың техникалық құралдары бөлімі – бұл университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. ОТҚ бөлімі жұмыстары орталықтың мәжілісінде және хаттамада құрастырылған оқу ісі жөніндегі проректорымен бекітілген жылдық және перспективті жоспар негізінде жүзеге асырылады.
            Бөлім бастығы – дәрісханаларды сабақ кестесіне сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз ету, шаруашылық ұйымдастыру қызметін универститеттің әдістемелік органдарымен бірігіп орындау және де жоспарланбаған іс-шараларды техникалық құралдармен қамтамасыз етуін ұйымдастыру.
            Бөлімнің инженерлерімен, технигінің негізгі мақсаттары – әрқашан оқу техникалық құралдарын даярлықта ұстау және де кафедралардағы лекциялық, іс-тәжірибелік және семинар сабақтарын қажетті құралдармен қамтамасыз ету.
 
Жалпы ережелер
            Басқару жүйесін жетілдіру мақсатында, университет жарғысының 4 бөлімі 21 тармағы 4 тармақшасының Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 44 бабы 2 тармағының талаптарын басшылыққа ала отырып, ректордың 10.12.2007 жылдың №1177 бұйрығы негізінде оқытудың техникалық құралдары бөлімі құрылды.
 
ОҚМУ-дегі ОТҚ бөлімі келесі тапсырмаларды шешу үшін құрылған:
  • Оқытудың техникалық құралдары әдістерін енгізу және жобаны біртекті жағдайда қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында университеттің барлық құралымдық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
  • техникалық құралдар нормасына және талаптарына сәйкес әдістерінің жүзеге асырылуын бақылау;
  • болашақтағы жаңа бағыт саласында жаңа технологиялық құрал жабдықтарды зерттеу және шұғыл турде үйрену;
  • оқытудың техникалық құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа технологияларды ендіру және дамыту;
  • көбейткіш құралдарының жөнделуі және жаңа техникалармен қамтамасыз етілуі;
  • оқытудың техникалық құралдарын сақтау, тарату және енгізу;
  • оқу жүйесін техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
  • университет бөлімшелерінің сұранысы бойынша жұмыстарын орындау;
 Функциялар:
  • Техникалық тапсырмаларына сәйкес университет бөлімшелері үшін бағдарламалық жұмысын ұйымдастыру және ЖОАЖ мәселесі бойынша техникалық тапсырмаларын дайындау;
  • Жаңа талаптарға сай құралдарды ендіру бойынша қажетті шараларды қабылдау;
  • Қойылған мақсаттарын орындау үшін университет бөлімшелерінен қажетті ақпаратты алу;
  • Оқу жүйесінде техникалық құралдарды пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Университеттің жоспарланбаған іс-шарасын оқытудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
Басқа бөлімдермен қарым-қатынас жасау:
            Қызмет бабында ОТҚ бөлімі барлық құрылымдық бөлімше жетекшілері (департамент, орталық, қызмет, бөлім) мен факультет декандарымен, кафедра меңгерушілері мен қызметтік қарым-қатынаста болады.
 


Абзал Орымбетов | page