Skip to Content

ОҚМУ спорт клубы

     Таиров Юнус Алайұлы профессор,  КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  спорттық күрестен халықаралық дәрежедегі төреші, ҚР және РФ білім беру ісінің құрметті қызметкері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ спортклубының жетекшісі.

 

Байланыс мәліметтері: ОҚМУ  Тауке хан даңғылы 30,

№11 ғимарат, №21 каб.

Жұмыс сымтетігі: 53-48-01

E-mail: uts-spartak@mail.ru

 

 

   

 

 

 

 

 

     М.Әуезов атындағы ОҚМУ үш спорттық кешен жұмыс жасайды, оның құрамына 16 (он алты) арнайы жабдықталған спорт залы, 2 стадион, 1 футбол алаңы, 50х20, 20х10  көлеміндегі жүзу қауызы, 3 теннис корты, 4 жаздық алаңы, 2 жаттығу залы кіреді.

     Университеттегі жалпы спорттық іс-шаралар университет ректорының бекітуімен жылдық және күнтүзбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі. Спорт клубтың жетекшілігімен «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің кафедраларымен бірге 1-4 курс студенттерінің арасында спорттың 13 түрі бойынша «Денсаулық» спартакиадасы өткізіледі. 

     Университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында жыл сайын «Денсаулық» спартакиадасы өткізіледі, бұл жылы 12 факультет командаларының арасында  спорттың 9 түрі бойынша: волейболдан, кіші футболдан, жүзуден, армрестлингтен, Президенттік көп сатылы жарыстан, шахматтан, үстел теннисінен, тоғыз-құмалақтын, арқан тартыстан  спартакиада өткізілді. 

     Университетте жыл сайын футболдан М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры академик Мырхалыков Ж.Ү. жүлдесіне арналған жарыс ұйымдастырылады, бұл жарыста жоғары білікті спортшыларды дайындау жұмысына басты назар аударылады, Қазақстан Республикасының құрама командасының 30 мүшесі спортшы-студенттер университет тағайындағын грантта оқиды.

 

Ә.Ержан, А.Подрядова  әлем кубогының жеңімпаздарын университет ректоры Ж.Мырхалыков құттықтауда.

 

ОҚМУ командасы кіші футболдан білім және ғылым министрлігінің кубогын жеңіп алды

 

     Қазақстан Республикасының статистика бойынша  агенттігінің төрағасы бекіткен бұйрығы «20» мамыр 2008 № 67 статистикасы бойынша  «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сныптаушысына» (ЭҚТС) сәйкес  жүргізілген статистикалық  саралау нәтижесі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ спортклубы ЭҚТС 93.12.0 (Спорт клубтардың қызметі)  бойынша Қазақстан Республикасының шағын кәсіпорындары арасындағы ТОП-100 құрамына кірді  және  «САЛА КӨШБАСШЫ 2014» дәрежесі берілді.         

     ҚР ЖОО арасындағы студенттік универсиадаларда жалпы командалық есеп бойынша 2003, 2005, 2009 жылдары чемпион болды, 2007 жылы қола жүлдеге ие болды және 2001, 2011, 2013 жылдары күміс жүлдені жеңіп алды.

Облыс әкімі А.Мырзахметов спортшыларды құттықтауда.

 

VII –жазғы Универсиада. Шымкент 2013ж.

 

     2012 жылы Азия чемпионатында  Е.Шалыгина еркін күрестен чемпион болды, Е.Дүйсебеков қола жүлдені жеңіп алды. 2012 жылы Е.Абильда армрестлингтен әлем чемпионы болды, И.Ермұхамед еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Д.Сухамбердиева каратэден Әлем Кубыгы иегері атанды.

      2013 жылы Қазан қаласында өткен дүниежүзілік Универсиадасына қатысқан  Қазақстан Республикасының құрама командасына университеттің 15 студенті кірді. Біздің студенттер: О.Снегиревич – оқпен атудан 1-ші және 3 –ші орын алды, Б.Примбаев – еркін күрестен 3-ші орын алды, А.Мищук  стендтік атудан 3-ші орын алды. 

Халықаралық дәрежедегі төреші Таиров Ю.А. Казань – 2013ж.

 

     2014 жылы университет студенттері: Д.Дамен- белдеулік күрестен әлем чемпионы болды,  Г.Турмаханова самбо күресінен әлем чемпионы болды,   С.Есен- дзюдо күресінен «Гран-При»  халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды,  Н.Мамаев- таэквондодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды,  Н.Сабиров  бокстан студенттер арасындағы  әлем чемпионы атанды, Е.Музаппаров күрестен Әлем Кубыгын жеңіп алды.

     2014 жылы Азия ойындарына университеттен 10 студент-спортшы қатысты. М.Дмитриенко Азия ойындарының чемпионы атанды және  О.Почивалова,  М.Могилевский (стендтік атудан) қола жүлдегер атанды.

     Университетте 17 халақаралық класстағы спорт шеберлері, 73 Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, 157 спорт шеберінің кандидаттары мен 8700 жалпы разрядтағы спортшылар дайындалған. Біздің университеттің студенттері университет пен еліміздің намысын абыройымен қоғап жүр.



Абзал Орымбетов | page