Skip to Content

ОҚМУ-дағы аккредитация

    

     ОҚМУ Германиялық ASIIN (Accreditation Agency Specialised in Accrediting Degree Programmes in Engineering, Informatics, the Natural Sciences and Mathematics) агенттігінде бакалавриат пен магистратураның келесі білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуден өткізіп, техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген Қазақстандық алғашқы  жоғары оқу орны болып табылады:

 

1.      5В070200 -  Автоматтандыру және басқару;

2.      5В071800 – Электр энергетикасы;

3.      5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

4.      5В060800  –  Экология;

5.      5В070100 –  Биотехнология;

6.      5В072700 –  Азық-түлік тағамдарының технологиясы;

7.      5В072100 –  Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

8.      5В072000 –  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;

9.      5В060600 –  Химия;

10.  5В072000 –  Баяу балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы;   

11.  6М070200 - Автоматтандыру және басқару;

12.   6М071800 – Электр энергетикасы;

13.   6М070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

14.   6М060800  –  Экология;

15.   6М070100 –  Биотехнология.

16.   6М072100 –  Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

17.   6М072000 –  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;

18.   6М060600 –  Химия;                                                                                                 

19.   6М072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы;

20.  5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы;

21.  5В073300 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы;

22.  6М073300 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы.

    

     Акредиттеудің нәтижесінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң химия саласындағы 4 білім беру бағдарламасы ТМД елдері ішінен алғашқы болып "Евробакалавр" сапа белгісіне, инженерлік саладағы 6 білім беру бағдарламасы  EUR-ACE® белгісіне және информатика саласындағы 2 білім беру бағдарламасы   Euro-inf®  сапа белгісіне ие болды.

     Халықаралық аккредиттеу бойынша жиналған бай тәжірибенің арқасында университет бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасының білім беру бағдарламаларын аккредиттеуде үлкен жетістіктерге жетті. 12 факультеттің 103 білім беру бағдарламасы, оның ішіндегі 56 – бакалавриат, 40 – магистратура және 7 – PhD докторантурасының білім беру бағдарламалары Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігiмен (БСҚА) аккредиттелді.

    

 

  

  

 

     2013 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ 5 жыл мерзімге БСҚА агенттігінде институционалды аккредиттеуден өтті.

 

 

2015 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы (ИИДМБ-2)  аясында  жүзеге асырылып отырған бейіндік магистратураның «Силикатты материалдардың өндірісі», «Көп компонентті минералды тыңайтқыштар синтезі» және «Тамақ инженериясы және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары химиядан  Еуропалық тақырыптық желілік қауымдастығының халықаралық сараптамасынан сәтті өтті (ECTN).

  
 

 



Абзал Орымбетов | page