Skip to Content

ОҚМУ даму стратегиясы

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2015-2020 жылдарға АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ

 

«Қазақстандық жоғары оқу орындарының мүддесі – білім беруді әлемдік стандарттар деңгейінде жүргізу, ал алдыңғы қатарлы Қазақстанның жоғары оқу орындарының дипломдары әлемде танылуы тиіс»

                                                                                     Н.Ә. Назарбаев

 

Кіріспе

Жетпіс жылдық тарихы бар, білім және зерттеу инфрақұрылымы дамыған, ғылыми мектептері қалыптасқан, жоғары технологиялар саласында күрделі мәселелерді шешуге қабілетті кадрлық әлеуетке ие М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті көпсалалы ірі университет болып табылады. Университет бүкіл Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдары үшін мамандар дайындайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі демографиялық өсім бойынша көшбасшы болып табылады, мұнда тұрғындардың жартысын 35 жасқа дейінгі жастар құрайды. Болашақта өңір Қазақстанның заманауи урбанистік орталығы ретінде дамитын болады, отандық және шетелдік инвестициялар үшін тартымды болады, соған байланысты білім, ғылым және әлеуметтік сала дамитын болады.

Оңтүстік өңір минералды-шикізат ресурстарына бай: полиметалл кендері (қорғасын, мырыш, титан, марганец, хром, алтын, никель, кобальт, мыс, ванадий, сирек кездесетін элементтер), фосфат шикізаты, барит, дала шпаты, бентонит сазы, тефрито-базальт, перлит, цеолит, волластонит, вермикулит, қиын балқитын отқа төзімді саз, кварцит, әктас, мрамор, слюда, доломит, маршаллит, құм-қиыршық тас қоспасы мен құм, саздақ, опока және опока тәрізді саз, гипс, әктас-ұлутас және т.б.

Облыс өнеркәсібінде өнеркәсіптік өнімнің 80%-дан астамын өндіретін 150-ге жуық ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 2015-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы жаңа буын мамандарын дайындайтын, профилі, құзыреті мен біліктілігі бәсекелес болуға мүмкіндік беретін, еңбек нарығының барлық талаптарына жауап беретін академиялық орта құруға бағдарланған кәсіпкерлік жоғары оқу орнын қалыптастыру болашағын анықтайтын концептілік құжат болып табылады.

Қазақстанның білім және ғылым жүйесінде көшбасшылыққа жету мақсатында, білім, бизнес, инженерия, ауыл шаруашылығы саласында мамандар дайындауда көпжылдық тәжірибеге ие М.Әуезов атындағы ОҚМУ жұмыс берушілердің терең логикалық ойлай алатын, жаңа білімдерді қордалауға қабілетті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылып келеді.  Университет жаңа білім салаларын дамытуға, жаңа буын техникасы мен технологияларын жасауға, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің тиімді коммерцияландырылуына, өңірде қосымша құны жоғары инновациялық өнім қалыптастыруға күш жұмсайтын болады. Осы басымдықтар ғылыми-білім және тәрбиелік кешен ретінде университеттің Даму Стратегиясын әзірлеуге негіз болды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 2015-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №118 Жарлығымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №258 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен бекітілген 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың  2014 жылғы 7 қаңтардағы «Қазақстан-2050» стратегиясы Қазақстан халқына Жолдауына, Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.

 

Толық мәтіні: М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2015-2020 жылдарға АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ



Абзал Орымбетов | page