Skip to Content

Баспа орталығы

Баспа орталығы бастығы -  Ерімбетов Алым Қыдырбаевич
Мекен-жайы:Шымкент қ., М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Тауке-хан даңғылы, 5
3 ғимарат, 230 бөлме
Сым тетік:  8 (725) 2 30 08 40
               М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Баспа орталығы университеттің құрамдас бөлімшесі болып табылады және тікелей оқу ісі бойынша және ақпараттық технологиялар проректорына бағынады. Орталық 27.11.2001ж. қаланды.
               Баспа орталығының штаттық құрамы полиграфия және компьютерлік технология саласында мамандандырылған 10 маманнан құралған.
Орталық төмендегідей заманауи полиграфиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған: RISO, XEROX, компьютерлер, бүктегіш аппаратымен, желімдегіш аппаратымен, парақтергіш, қағаз кескіш аппараттарымен, ламинатормен, сыммен тігу машиналарымен, буклетмейкер, электростеплер, алтыншалап пресстегіш машиналар.
                              Баспа орталығының мақсаты мен міндеттері:
  • ведомстволық әдебиеттерді (оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдары, оқулық ж.с.с.), ішківедомостволық материалдар (бланкілік өнім, методикалық нұсқау ж.с.с) басуға дайындау мен оларды шығару;
  • университет баспа өнімдерін жоғары сапалық деңгейде дайындап шығару.
               Бөлімшелер үшін оқу әдістемелік әдебиеттерді, конференция жинақтарын, журналдарды ж.с.с. басып шығаруда, олар: түп-нұсқамен көбейтіледі, бүктеліп шығарылады, әр кітап парақталып теріледі, соңында түптеледі (тігіледі, мұқаба беті желімделіп жапсырылады).
               ОҚМУ Баспа орталығы жыл сайын барлық білім саласында студенттерге, аспиранттарға, мұғалімдерге және мамандарға арналған 300-ге жуық оқулық, оқу құралы, методикалық нұсқаулар аталымы қатты және жұмсақ түптемеде, 300 мыңға жуық дана бланкілік өнім университеттің бөлімшелері үшін, 6000-ға жуық студенттік билет және сынақ кітапшасы жасалынады.
               Орталық әр түрлі визиткалар, құттықтаулар, университет бағдарламалары мен конференция жинақтарын, Республикалық ғылыми журнал «Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі» топтамалармен: Педагогикалық ғылымдар; Процесстер мен қондырғылар; Механика және машина жасау; Экология. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану; Медицина және денсаулықсақтау; Химия. Химиялық технология; Экономика.
Рысбаева Майра Зубко Лариса Робертовна
  Буранов Фархат Бижігітова Нұршат

 



Абзал Орымбетов | page