Skip to Content

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры

 

Назарбекова Сауле Полатқызы

 

химия ғылымдарының докторы, профессор

 

Мекен-жайы: 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас ғимарат, 216 каб

Телефоны: 8(7252) 21-19-71

e-mail: Nazar.s.p@mail.ru

 

Департамент жаңалықтары

 

           Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметі жаңа, тиімді оқу процесін жасауға, сонымен қатар оқытушылардың оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарының шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған.

 

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің негізгі атқаратын функциялары:

·        ОҚМУ сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;

·        сапа саласындағы міндеттері мен СМЖ талаптарын орындау;

·        академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің сапа саласындағы мақсаттарын іске асыру;

·        заманауи білім беру технологияларының негізінде оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігінің жоғарылауы, мемлекеттік стандарттар негізіндегі оқу процесін унификациялау мен стандарттау негізінде жоғары сапалы білім беру қызметінің дамуын қамтамасыздандыру;

·        факультеттер мен кафедралардың оқу, әдістемелік, ұйымдастыру қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру;

·        университеттің оқу процесін басқару.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесіне қарайды және оқу ісі жөніндегі проректорға бағынады.

 

 

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің құрылымы:

1 Оқу үрдісін ұйымдастыру орталығы

 

         ► 1.1 Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі

         ► 1.1.1 Оқу үрдісін жоспарлау секторы

 

         ► 1.2. Штатты қалыптастыру және оқу жүктемесі есебін жоспарлау бөлімі

 

         ► 1.3. Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімі

 

         ► 1.4. Нормативтік құжаттарды басқару бөлімі

 

2 Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету орталығы

 

        ОӘӘ  сатылым көрмесі

 

        ► 2.1 Әдістемелік бөлім

 

        ► 2.2 Оқу-әдістемелік бірлестік

 

3. Іс-тәжірибе және ОҒӨК бөлімі

 

4. Аккредиттеу бөлімі

 

5. Карьера және маркетинг бөлімі

 

6. Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі

 

7. Білім сапасын бағалау бөлімі

 

     Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті өз қызметін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті мәжілісінде қарастырылған, оқу ісі жөніндегі проректор бекіткен жылдық жоспар негізінде атқарады.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті өз қызметінде ҚР «Білім туралы» заңын, «Жоғары оқу орындары қызметін ұйымдастыру ережелері», нұсқаулық құжаттары мен ҚР Білім және ғылым министрлігі коллегиясының шешімдерін, сонымен қатар университет Жарғысын және осы аталған ережені басшылыққа алады. Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің құжаттары Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті оқу-әдістемелік ұйымдастырудың негізгі теориялық және тәжірибелік аспектілерінің келесі бағыттары бойынша айқындалады:

·        жоспарлау, ұйымдастыру, оқу процесін басқару және оны бақылау;

·        оқу процесін оқу-әдістемемен қамтамасыздандыру;

·        факультеттердің, кафедралардың және бөлімшелердің оқу процесін ұйымдастыруды, техникалық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздандыруды үйлестіру;

·        университетті инновациялық білім берумен қамтамасыздандыру;

·        университеттің бекітілген мамандықтары бойынша университет Ғылыми Кеңесінің шешімдері мен әдістемелік Кеңесінің ұсыныстарын жүзеге асыру;

·        білім беру қызметінің сапасын тексеру (ағымдағы бақылау, өтілген курстар мен тақырыптардың нәтижесін бақылау, бітірушілерді бақылау);

·        сыртқы байланыстарды орнату және дамыту.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне университеттегі оқу процесін басқаруда жетекші орын беріледі.

  

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директор орынбасары

 

Пернебеков Сакен Сәдібекұлы

 

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас ғимарат, 216 каб

Телефоны: 8(7252) 21-19-71, 8(7252) 21-05-93

e-mail: saken-uko@mail.ru

Негізгі функциялар:

·        оқу үрдісін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;

·        аккредиттеу жұмыстарын үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;

·        «Қолданбалы ғылымдар жоғары мектебімен» (Германия, Гамбург) мамандықтар бойынша (магистратура) қос диплом беру білім бағдарламасы бойынша жұмыстарды үйлестіру: 1.«Master Environmental technology» – «Техника защиты окружающей среды» – «Қоршаған ортаны қорғау техникасы»; 2. «Master Food technology» – «Технология пищевых продуктов» – «Азық-түлік тағамдары технологиясы»;

·        РХДУ Желілі университеті аясында қос диплом беру (магистратура) білім бағдарламасы бойынша жұмыстарды үйлестіру: 1. «Management» - «Менеджмент» - «Менеджмент»; 2. «Law» - «Юриспруденция» - «Заңтану»; 3. «Philology» - «Филология» - «Филология»;

·        оқу үрдісіне ғылымды енгізу;

·        оқу-ғылыми-өндірістік кешендер қызметін ұйымдастыру;

·        оқу үрдісіне халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларды енгізу;

 ·        факультеттердің оқу-тәрбие жөніндегі комиссияларының жұмысын үйлестіру және бақылау;

·        факультеттердің декан орынбасарлары және студенттік белсенділерімен бірлесе отырып оқу-тәрбие үрдісі бойынша проблемалар және оны талдау қызметін ұйымдастыру;

·        студенттерді гранттарға, Президенттік және атаулы шәкіртақыларға ұсыну бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру;

·        оқытушылар мен студенттер арасындағы қатынас және кері байланысты қамтамасыз етуі:

1) университет басшылығының студенттермен кездесуін ұйымдастыру;

2) мамандықтар бойынша білім беру сапасының проблемалары туралы студенттер арасында әлеуметтік сауалнама және анкеталар жүргізу;

3) студенттер аудиториясын конкурстар, гранттар, атаулы шәкіртақылар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;

4) тіркеушілер кеңсесінің тіркеушілерімен кездесу ұйымдастыру.



Абзал Орымбетов | page