Skip to Content

Айменов Жамбыл Талхаұлы - Бірінші проректор

Айменов Жамбыл Талхаұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

           Ғылыми атағы: ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясының, Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының, Халықаралық психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясының, Халықаралық психология ғылымдары (МАПН), Халқаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі.

 

            Туылған жері және жылы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка селосы, 1955 ж.

            1976 жылы Қазақ химия-технология институтын, 2002 жылы Қазақ-өзбек университетін бітірді.

 

            Қысқаша еңбек жолы: 1976-1978 жж. – ҚазХТИ оқытушысы, 1978-1982 жж. – Мәскеу құрылыс-инженерлі институтының (МИСИ) аспиранты (Мәскеу қаласы), 1982-1985 жж. – Жамбыл мелиоративті-құрылыс институтының доценті, декан орынбасары, 1985-1988 жж. – ҚазХТИ Құрылыс-технология факультетінің декан орынбасары, доцент, 1988-1993 жж. – ҚазХТИ Құрылыс факультетінің деканы, 1993-1996 жж. – ҚазХТИ кешкі және сыртқы оқу жөніндегі проректоры, 1996-1997 жж. – ОҚТУ (ҚазХТИ) ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша проректор, 1997 жылдан бастап Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының оқу ісі бойынша проректор, 2004-2006 жылдары ХҚТУ-нің вице-президенті, 2006 ж. ХҚТУ Жаратылыстану және медицина институтының директоры, 2007 ж. ХҚТУ Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институтының директоры, 2008 ж. ХҚТУ вице-президенті, 2012 ж. бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бірінші проректоры

            Қорқыт ата атындағы Қызыл-Орда мемлекеттік университетінің және НИИстромпроект институтының (Алматы қ.) диссертациялық кеңестерінің және Евразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінің мүшесі болған, ОҚМУ-ның докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі және оның жетекшілігіндегі ғылыми-зерттеу жобалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 36 милион теңге және 2015 жылы 22 милион теңге гранттарын ұтып алды.

 

            Жарық көрген еңбектерінің жалпы саны: 330, сонымен қатар 5 монография, 7 оқулықтардың, 20 оқу құралдарының, 3 авторлық куаліктің, 2 патенттің авторы.

           Айменов Ж.Т. 2015ж. Металургия саласындағы ғылыми ашылымның авторы ретінде танылды (диплом №478)

 

            Атақ және марапаттары: ҚР Білім министрлігінің «Құрмет грамотасы» (1993), «Білім үздігі құрмет белгісі» (1996), «ОҚО Отырар ауданының құрметті азаматы» атағы (2000), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2002), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасы (2004), Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының құрмет грамотасы (2004), «Ыбырай Алтынсарин» медалі (2006), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы (2006), «Түркістан қаласының құрметті азаматы» атағы (2008 ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының Құрмет грамотасы (2010), «Нұр-Отан» ХДП ОҚО филиалының Құрмет грамотасы (2010 ), Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасы (2010), «Нұр-Отан» ХДП ОҚО филиалының Алғыс хаты (2010), «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011), ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты (2012), «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалі (2012), ҚР Білім және ғылым Министрлігінің "Спортты дамытудағы еңбегі үшін" медалі (2013 ж.), ҚР Білім және ғылым Министрінің Грамотасымен (2013 ж.), Халықаралық психология академиясының ғылымғы сіңірген еңбегі үшін «Адамзат факторы» медалімен, "Ғылымды дамытудағы сіңірген еңбегі үшін" медалімен (2013 ж.), ТМД елдерінің Қорғаныс Министрлері кеңесінің медалімен (2014 ж.), Ауған соғысы ардагерлері бірлестігінің "Батыр шапағаты" медалімен (2014 ж.), “ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Құрмет белгісі ” медалімен (2014 ж.), Нобель силығының лауреаты академик П.Л. Капицаның атындағы "Ғылыми ашылымның авторы" медалімен (2015 Ресей), "Қазақстан халқы ассаблеясына 20 жыл" медалімен (2015ж)  және "Qurmet-AB" Қоғамдық бірлестігінің "Ерең еңбегі үшін" медалімен (2015ж), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен (2016ж) марапатталған.

 

            «Нұр-Отан»ХДП ХII және ХIII съездерінің делегаты болған. 2007 ж. облыстық маслихаттың депутаты болып сайланды.



Абзал Орымбетов | page