«CAPSTONE PROJECT»

Шымкенттегі студенттердің идеялары - Қазақстандағы болашақ реформалардың негізі 2019 жыл 31 мамыр күні М. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің қолдауымен Халықаралық түрме реформасы (PRI)жүзеге асырылып жатқан "CAPSTONE PROJECT" зерттеу жобалары конкурсының қатысушы-студенттері қорытынды зерттеу жобаларын ұсынды.Қазақстандық жоғары оқу орындарында адам құқықтары жөніндегі пилоттық курстарға арналған "CAPSTONE PROJECT" жобасы оқу процесін жақсарту және зерттеу әдістерін, атап айтқанда халықаралық ғылыми-зерттеу қоғамдастығында кеңінен танымал «capstone projects» енгізу  мақсатында жаңа білім беру құралын құрды.

2018 жылдың қазан айынан бастап М.Әуезов атындағыОңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жергілікті органдар өкілдерінің, оқу орны әкімшілігінің, сондай-ақ PRI Халықаралық және Ұлттық сарапшыларының қатысуымен жобаны жүзеге асыруға байланысты бірқатар іс-шаралар өткізілді.Жобаны ресми түрде іске қосу екі іріктеу турының нәтижелері бойынша жобаға қатысу үшін таңдалған «Құқықтану және халықаралық қатынастар» мамандықтарының 21 студентінің қатысуымен өтті.Сегіз ай бойы "CAPSTONE PROJECT" қатысушы-студенттер жеті командаға бөлініп, осы жоба аясында бастамашылық ететін бірқатар іс-шараларға қатысып, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін зерттеді.

Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің миссиясы басшысының орынбасары Нора Десинг ханым студенттерді қолдау қажеттігін айта отырып: "Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі бірнеше жыл бойы Қазақстан бойынша түрлі университеттерде "Capstone Project" жобасын қолдап және жобаның биылғы жылғы шығарылымы Шымкент қаласында өткеніне қуаныштымын.Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Бұл жерде бүгін қатысып отырған студенттер және бүкіл Қазақстан бойынша барлық студенттер еліміздің болашағын қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан мен жоба барысында зерделенген мәселелердің барлығы студенттерге ұзақ мерзімді әсер қалдыратындығына және алған білімдерінің нәтижесі Қазақстанның дамуына көмектесетініне сенетіндігін" атап өтті.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Д. Қожамжарова кіріспе сөзінде: 

"Бүгінде әлемде құқықтық жүйелердегі интеграциялық үдерістер айтарлықтай күшейе түсті. Жаһандану әрбір мемлекеттің заңнама жүйесіне жеке әсер етеді және мемлекеттердің дамуының негізгі үрдістерін айқындайтын факторлардың біріне айналады, бұл құқықтық қоғамдастықтан өзара іс-қимылдың жаңа тәсілдерін, шоғырландыру мен үйлестіру тетіктерін әзірлеуді талап етеді және бүгінгі іс-шара ұлттық заңнаманы дамыту мен ықпалдастырудың өзекті проблемаларын шешуде өзара түсіністікке қол жеткізудегі тәжірибелі алаң ретінде нақты кәсіби міндеттерді шешу бойынша заң қоғамдастығының күш-жігерін шоғырландырудың перспективалық нысаны болып табылатындығын"айтып өтті.

Сондай-ақ Орталық Азиядағы Penal Reform International аймақтық директоры, Азамат Шамбилов атап өткендей:"CAPSTONE PROJECT" жобасы Қазақстан үшін серпінді жоба деп санауға болады, өйткені оған бүгінгі құқық қорғаушылардың мұрагерлері – болашақ адвокаттар, журналистер, судьялар мен прокурорлар қатысады.Мен конкурс аясында далалық зерттеулер жүргізе отырып, жобаға қатысушылар көп жағдайда пенитенциарлық және жалпы құқық қорғау жүйесіне көзқарасты өзгерткеніне сенімдімін. Бұл ізгілендіру жұмыстарына бағытталған барлық заңнамалық өзгертулердің жүзеге аспайтындығына көз жеткізген студенттер,  реформалардың қажеттілігі туралы тұжырымға келіп, қазіргі мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын ұсынды». 

Сайыс қорытындысы бойынша «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының заңгерлері «Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру механизмдерін жетілдіру жолдары» тақырыбында бірінші орынды иеленді.  Жеңімпаз Команда Нидерландыда тегін оқу тәжірибесінен өтуге жолдама алды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар, сондай-ақ Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (PRI) өкілдігінен естелік сыйлықтар табыс етілді.