CAPSTONE PROJECT Ғылыми жобалар байқауы

Сипаттама

Қазақстандағы Нидерланд Корольдігі Елшілігінің қолдауымен Орталық Азиядағы Penal Reform International (PRI) өкілдігі М.Әуезов                                                                                      атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, жоғары оқу орындарына адам құқықтары бойынша оқу курстарын, атап айтқанда, білім беру үдерісін нығайту және студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту үшін жаңа білім беру құралы ретінде зерттеу жобаларын дамытуға арналған жобаны іске қосады.

CAPSTONE PROJECT студенттердің сыни ойлау қабілетін ынталандыру, күрделі тапсырмаларды шешу және сөйлеу мәдениетінің дағдыларын, зерттеу дағдыларын, командамен бірге жұмыс істеу, жоспарлау, дербестік, мақсаттар қою, яғни оларды мансап бойынша көтерілу мен ересек ретінде өмір сүрудің қазіргі болмысына дайындайтын дағдыларды дамыту үшін әзірленуде.

Зерттеу жобалары алдағы нормативтік реформалар, адам құқықтары бойынша жобалар, қылмыстық атқару құқығы, қылмыстық сот өндірісі және халықаралық құқық жүйесіндегі ұлттық  бағдарламаларды жақсарту бойынша ұсыныстар немесе ұсынымдар үшін әлеуетті негіз болып табылады. Жоба, оқу үдерісі кезінде модульдік, курстық және дипломдық жұмыстарды, сондай-ақ магистрлік диссертацияларды жазуды өткізу және дайындау бойынша дағдыларды да күшейтеді.

Соңында, жобаға қатысатын студенттерге CAPSTONE PROJECT жөніндегі шолу комитетіне жобаны таныстыру арқылы өз жұмыстарын қорғау қажет болады.

Жобаға юриспруденция мен халықаралық қатынастар факультетінің 3 және 4 курс студенттері қатыса алады. Жобаға қатысу үшін бірінші іріктеу кезеңі ретінде «Адам құқықтары» жалпы тақырыбында эссе конкурсы өткізіледі, содан соң зерттеу жобасын жазу үшін 3 адамнан студенттер тобы қалыптастырылады.

 

Жобаға қатысу, білім беру мақсатымен Нидерланд Корольдігіне сапар шегуді ұтып алуға мүмкіндік береді!

 

Эссені ағылшын, қазақ немесе орыс тілінде жазып (ең көбі А4 пішіміндегі 3 бет, қаріп Times New Roman 14), 2018 жылғы 14 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 23:59 дейінгі мерзім ішінде capstoneshymkent@gmail.com электрондық мекен жайына жіберу керек.

 

Студенттер эссе үшін келесі тақырыптардың біреуін таңдауға құқылы:

 

1.Қамаудағы адамдардың денсаулыққа арналған құқығы

2.Қамаудағы адамдарды бейәлеуметтендіру

3.Кемсітпеушілік қағидаттары

4.Қазақстандағы ювеналдық әділет жүйесі

5.Өлім жазасына кесілген адамдардың құқықтары

6.Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген адамдардың құқықтары

7.Ұлттық қауіпсіздік пен лаңкестікпен күрес мән мәтінінде адамның құқықтары

8.Мемлекеттің адамды елден қуып шықпау міндеттемесі

9.Азаптаудан және адамгершіліктен тыс немесе адамның қадір-қасиетін кемсітетін қатынас пен жазаның басқа түрлерінен бостандық

10.Пікір білдіру бостандығы.

11.Жиналыстар бостандығы.

12.Балалар еңбегі.

13.Білім алу құқығы.

14.Қазіргі әлемде дінге сену бостандығы.

15.Қазақстандағы баспасөз және интернет бостандығы.

16.Егде тартқан қамаудағы адамдардың құқықтары.

17.Азшылық құқықтары.

18.Ерікті түрд етұтқындау, ұстап алу немесе жер аударуға тыйым салу.

19.Азаматтыққа арналған құқық және мигранттармен байланысты мәселелер.

20.Жеке меншік құқығы..

21.Дене жазаларына тыйым салу.

22.Даму құқығы.

23.Әділ сот тергеуіне арналған құқық.

24.Жабық мекемелердегі әйелдер мен балалардың құқықтары.

25.Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау.

26.Қамауға алынған адамдарды қорғайтын адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар.

27.Нельсон Манделаның жаңа қағидалары.

28.Қамаудағы әлсіз топтар.

29.Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінің реформалары мен өзгерістері.

30.Адам құқықтарын қорғау және Қазақстан заңнамасы.

31.Пробациялық бақылау: қылмыстық әділ сот жүйесінің аясында адамдарды әлеуметтік жақтан оңалту.

32.Қазақстандағы адам құқықтарын қорғауда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі.

33.Қазақстанда өлім жазасының күшін жою.

34.Сыбайлас жемқорлық адам құқықтарын сақтауға қалай ықпал етеді.

Start Date - End Date

Oct 9th, 2018 - Oct 9th, 2018

Start Time - End Time

12:45 pm - 12:45 pm

Event Location

Cost

Категория

Тэгтар

Organizer

Phone

Email

Share This