C3QA жобасы

C3QA «Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың дамуы»

«Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың  дамуы» C3QA Еуропалық жобаның М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2016 жылы ЖОО-ң консорциум мүшесі болды.
Жобаны іске асыру мерзімі: қазан, 2016 жыл – қазан, 2019 жыл.
Жобаның мақсаты : білім беру бағдарламаларының 3-ші циклінің сенімді интернационализациялау үшін сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамыту және енгізу арқылы Армения, Қазақстан, Моңғолия мен Украинада, білімге негізделген қоғам құруға ықпал ету.
Жобаның қатысушылары Франция, Испания, Польша, Армения, Қазақстан, Украина және Моңғолия университеттері мен аккредиттеу агенттіктері болып табылады.

Жобаны іске асыру бойынша жоспарланады:

  • Ұлттық деңгейде сыртқы сапа кепілдігінің (EQA) тиімді жүйесін әзірлеу және іске асыру.
  • ЖОО – да ішкі сапа жүйесін қамтамасыз ететін IQA-ді әзірлеу, мақұлдау және ендіру.
  • Докторлық білімде Еуропалық сапа стандарты және Зальцбург принциптерін ендіруді қамтамасыз ету.
  • «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» докторлық бағдарламаларға жаңартылған стандарттармен пилотты аккредитация жүргізу.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, т.ғ.д. Мырхалыков Ж.У. жобаның жұмыс тобын басқарады.
Жобаның Кеңес жетекшілігінің құрамына э.ғ.к., доценті  Ефимова И.Е. кіреді.

Жобада докторантура PhD, сыртқы және ішкі сапа кепілдігі жүйесін, докторантура PhD білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін жаңа стандарттар бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және енгізу жоспарланады. Қазақстандық білім беру бағдарламаларына докторантура PhD, жаңа сапа стандарттарымен аккредиттеу тәуелсіз жүйенің дамытуының сапасын қамтамасыз етуінің маңызды үлесі болып табылады. Сонымен қатар, докторлық білімнің дамуына байланысты жобаның аясында әр жоо-қатысушысы жобалық кеңсемен жабдықталған.

Ұйымдастыру отырысы (kick off meeting)
2017 жылы 3 ақпанда Ереван қаласы Арменияда Француз университеті базасында (UFAR) консорциум жобасы ЭРАЗМУС+Байқауы II (2016) C3QA «Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың дамуы» қатысушылардың ұйымдастыру кездесуі өтті.
Іс-шарада еуропалық серіктестер Universite Jean Moulin Lyon III (Франция),   Universite d'Auvergne Clermont-Ferrand 1 (Франция), Haut Conseil de l'évaluation de la recherche et de l'ES (Франция), Universidad de Alcala (Испания), Uniwersytet Jana Kochanowskiego W Kielcach (Польша) және де Қазақстан, Украина, Монголия және Арменияның аккредитациялық агенттіктері және жоо мемлекет-серіктестері қатысты. 
Жобаның Қазақстандық делегациясын ҚР Білім және Ғылым министрлігі, білім берудің сапасын қамтамасыздандырудағы тәуелсіз қазақстандық агенттік  (НКОКО), М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті,  Қазақ гуманитарлық заң университеттері ұсынды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ Академиялық ұтқырлық және халықаралық рейтингтер орталығы директоры Ефимова И.Е. және аккредиттеу бөлімінің басшысы Абдижаппарова Б.Т. М.Әуезов атындағы ОҚМУ атынан кездесуге қатысты.
Ереван қаласында кездесуде жұмыс топтары бекітілді, жоба жетекші комитетінің құрамы анықталды және әр жұмыс тобының үйлестірушілері, сонымен қатар жобаны қаражаттандыру мәселесі,  есеп және жобалық нәтижелерін тарату талқыланды.
Қазақстандағы осы жобаның Ел үйлестірушісі білім берудің сапасын қамтамасыздандырудағы тәуелсіз қазақстандық агенттік  (НКОКО) болып табылады.