Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлы - Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі ректордың кеңесшісі

Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлы

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі ректордың кеңесшісі

Педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі

Мекен- жайы: Бас ғимарат, 255 каб.

Байланыс телефон: 8(7252) 21-19-86

Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлы 1966 жылдың 17 ақпанында Алғабас ауданы, «Бөген» совхозы, «Бестоғай» ауылында дүниеге келген.

1973-1983 жылы Алғабас совхозында Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінде білім алды.

1984-1986 жылдары Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген.

1987-1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының көркем-сурет және графика факультетінде жоғары білім алды.  

1992 жылы институтты тәмамдап, осы институттың «Сурет» кафедрасына жас маман ретінде қалдырылды.

1995-1998 жылдары аспирант, 1998-2003 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Өнер» факультеті деканы орынбасары, аға оқытушы; 2003-2004 жылдары аталған факультеттің «Киім дизайны» кафедрасының меңгерушісі.

2000 жылы ақпан айында Мәскеу қаласында 13.00.02 мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2004 – 2012ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Кескіндеме және дизайн» кафедрасы меңгерушісі қызметін атқарған.

1 кандидаттық диссертацияға және 20-дан аса магистрлік диссертацияға жетекшілік жасаған.

2006 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінен алғыс хатпен марапатталды.

2010 жылы 13.00.02 мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

2011 жылдың ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ең үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері.

2012 жылдың сәуір айында  М. Әуезов атындағы Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры болып тағайындалды.

2013 жылдың наурыз айынан Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі ректордың кеңесшісі болып қызмет атқаруда

2013 жылы қазан айында Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапаттады.

Қазіргі таңда, 100-ге жуық ғылыми мақалаларының, 1 монография, 2 альбом-монография, 5 оқу құралының, 5 кейс, сонымен қатар, 6 электрондық кітаптың авторы.