Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлы - Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

БЕЙСЕНБАЕВ Садыбек Калмаханұлы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы.

 

Мекен- жайы:  Бас ғимарат, 255 каб.

Байланыс тел.:  8(7252) 21-19-86

 

Ғылыми атағы:      п.ғ.д., ҚПҒА академигі, ХПББҒА академигі, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі;

 

Туылған жері және жылы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Байдібек ауданы, 1966 жылы.

 

Еңбек жолы:            1992 ж. – М.Әуезов атындағы ШПИ «Сурет» кафедрасының оқытушысы;

1995-1998 жж. – М.Әуезов атындағы ШПИ күндізгі бөлім аспиранты;

1998 ж. – Х.А.Ясауи ат. ХҚТУ-інде аға оқытушы;

1998ж. – Х.А.Ясауи ат. ХҚТУ «Өнер» факультеті деканы орынбасары;

2002ж. – Х.А.Ясауи ат. ХҚТУ «Киім дизайны» кафедрасының меңгерушісі;

2004ж.М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Кескіндеме және дизайн» кафедрасының меңгерушісі;

2012ж.М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры;

2013-2018жж. - М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі ректордың кеңесшісі:

2018ж. -  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры;

40-ға жуық магистерлік диссертацияға және 1 кандидаттық диссертацияға жетекшілік етті.

Ғылыми еңбектері:

140-қа жуық ғылыми және әдістемелік еңбектер дайындап, басып шығарған. Оның ішінде: 1 монография, 2 оқу құралы, 3 альбом-монография, 5 оқу құралының, 5 кейс, сонымен қатар, 6 электрондық кітаптың авторы.

 

Мараппаттары, жетістіктері:

 ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты (2006); «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2011); Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталған (2013); «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не 70 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2013); ҚР Дизайнерлер Одағының Алтын медалі (2015); «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған (2015);

ҚР Суретшілер Одағының «Ә.Қастеев» атындағы Алтын медалі (2016);

ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (2017); ОҚО еңбегі сіңгені үшін медалі (2017).