Баспа орталығы

Баспа орталығы бастығы

Ерімбетов Алым Қадырбаевич

Мекен-жайы: Шымкент қ., М.Әуезов атындағы ОҚМУ,

Рысқұлбеков көшесі, 4.

Сым тетік: 8 (725) 2 30 13 53

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Баспа орталығы 2001 жылдың 27 қарашасында  университеттің құрамдас бөлімшесі болып құралды және ол тікелей оқу-әдістемелік ісі бойынша проректорына бағынады.

Баспа орталығының штаттық құрамын полиграфия және компьютерлік технология саласындағы 11 маман құрайды.

Орталық  заманауи полиграфиялық құрал-жабдықтармен – көбейткіш аппарат RISO, XEROX, түрлі-түсті көбейткіш жүйелік аппараттармен, компьютерлер, бүктегіш аппаратымен, желімдегіш аппаратымен, парақтергіш, қағаз кескіш аппараттарымен, ламинатормен, сыммен тігу машиналарымен, буклетмейкер, электростеплер, алтыншалап пресстегіш машиналармен жабдықталған.

Баспа орталығы мынадай шығарылымдарды баспадан шығуын қамтамасыз етеді:

- ведомстволық әдебиеттерді (оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдары, оқулық  ж.с.с.), ішківедомостволық материалдар (бланкілік өнім, методикалық нұсқау ж.с.с);

- ғылыми конференция еңбектері, университеттің ғылыми еңбектерінің мерзімді басылымдары;

- сынақ кітапшалары, студенттік және тыңдармандар билеттері, куәліктер.

Жұмыс барысы оқу-әдістемелік әдебиеттердің шығарылымын, жинақтардың және конференция бағдарламаларының, университеттің ғылыми еңбектерінің мерзімді шығарылымын және т.б. өнімдерді басып шығару өнімнің түп-нұсқасынан көбейтіліп, кітап және журнал түрінде шығарылады.

Орталық мамандары Майсов А.С. және  Майыс Б.Т.өнімді көбейту үстінде

Орталық маманы Тогусбаев Ж.А.

өнімді теріп түптеу барысында

Орталық мамандары Рысбаева М.К. 

және Оралбаева Г.Н. –

желімдегіш аппаратпен жұмыс атқаруда

БО бастығының орынбасары  

Буранов Ф.Т.

өндірістің соңғы кезеңін

жасау барысында

ОҚМУ Баспа орталығы жыл сайын университеттің барлық білім саласындағы студенттерге, аспиранттарға, мұғалімдерге және мамандарға арналған 200-250-ге жуық оқулық, оқу құралы, методикалық нұсқаулар қатты және жұмсақ түптемеде, 300 мыңға жуық дана бланкілік өнім университеттің бөлімшелері үшін, 7 мыңға жуық сынақ кітапшасы және 11-12 мың студенттік билет пен оқырмандар билеті, куәліктер жасалынады.