Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы жаңалықтары

"Жылдың үздік студенті"

Қазақстан Республикасының дарынды жастарын қолдау мақсатында, жастар жылының аясында шығарылған "Жас Қыран" республикалық жинақ кітабына енгізілгені үшін, "Жылдың үздік студенті" атты республикалық байқауының ІІ дәрежелі жеңімпазы Баxтыбай Арай Баxтыбайқызы

Ғылыми стажировка қорытындысы

Университетіміздің екі докторанты - Бектурсунов А.К. және Тастанова С.П. 11-нен 11-ші сәуірге дейін ұйымдастырылған ғылыми тағылымдамадан өтті. Тәжірибе барысында тоқыма материалдарын химиялық өңдеу әдісін меңгерді. Осы бағыттар бойынша Ташкент қаласының тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының т.ғ.д., профессоры И.А. Набиеваның басшылығымен өткен сабақтарға қатысты.

 Ғылым және инновация жөніндегі проректоры Гуламов Азамат Эшонкулович.

Совета молодых ученых

29 января этого года в честь Года молодежи ректор ЮКГУ им. М.Ауэзова, доктор исторических наук, профессор, академик НАН РК Д.П. Кожамжарова провела встречу с магистрантами и докторантами Послевузовского образования в конференц-зале Южно-Казахстанского государственного университета им. М.Ауэзова. В ходе встречи Дария Пернешовна осветила ключевые проблемы развития науки и образования в условиях современного мирового прогресса, для того чтобы быть конкурентоспособной.

ICAAM 2018

Сәрсенбі Әбдісалам Әбдіжаханұлы, 6D060100-Математика мамандығының 3 курс докторанты 04.09 – 14.09.2018 жыл аралығында Near East University, Lefkosa, Turkey, университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама шетелдік ғылыми жетекшім физика – математика ғылымдарының докторы, профессор Аллаберен Ашыралыев жетекшілігмен жүргізілді. Ғылыми тағылымдамадан өту барысында профессор Аллаберен Ашыралыев жетекшілігімен өткен ICAAM 2018 Халықаралық конференциясына қатысып, баяндама жасады.

Near East University

2017-2018 оқу жылындағы 6М060100-«Математика»мамандығының  бітірушімагистранттары Кипр аралының Никосия қаласы«Near East University» білім ордасында шетелдік ғылыми  тағылымдамадан өтті. Сәуір айының 2-ші және 12-ші жұлдызы аралығында аталған университет профессоры Аллаберген Ашыралиевтің дәріс сабақтарына қатысып, магистрлік тақырыптары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

M.Sc. in Educational Leadership, Ph.D. in Education

Назарбаев Университеті Жоғары блім беру мектебінің өкілдері 2018-2019 оқу жылына арналған магистратура және докторантура оқу бағдарламалары (M.Sc. in Educational Leadership, Ph.D. in Education) жайлы оқу орнымызда 13-сәуір күні семинар өткізді. Яғни, аталған мектептің менеджері Нұрсұлтан Салғараев және профессор Шосе Розалес Секуерес оқу орнымыздың жас мамандары мен бітіруші магистранттарына Назарбаев университетіне оқуға түсу мүмкіндіктері туралы шынайы ақпараттар жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 6М050600 – Экономика мамандығының 2 курс магистранты Мамытбекова Макпал Кабылбековна «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің» (АРТА) студент-сарапшысы ретінде 2018 жылдың 12-14 ақпан аралығында Қазақстан Халықтар достығы инженерлік-педагогикалықуниверситеті аккредитациядан өту кезінде комиссия құрамына қабылданып белсенді қызмет атқарып, серитификатқа ие болды.

Дуальдық оқыту жүйесінде кәсіби құзыретті мамандар даярлау мәселесі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының 6М012000- кәсіптік оқыту мамандығының магистранттары Юлдашбеков Отабек Муроджанұлы және Тәжен Арай Әкімжанқызына  2017 жылы қараша айының 28 күні G-Global платформасында «Дуальдық оқыту жүйесінде кәсіби құзыретті мамандар даярлау мәселесі» атты видеоконференцияға қатысқандары үшін СЕРТИФИКАТ берілді.

Мемлекеттік аттестаттау

Ағымдағы 2018 оқу жылының қаңтар айының 15-ші жұлдызынан  бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының  төмендегі мамандықтары бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағалары бітіруші 1,5 жыл оқитын магистранттардан кешенді емтихандар қабылдауда.

2017 жылдың ҮЗДІК МАГИСТРАНТЫ

«Болашағын бүгіннен бастаған» еліміздің ең белсенді жастары жастар саясатын дамытуда атқарылған жұмыстар бойынша жылды қорытындылады. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе жұмыс жасап, өңіріміздің жастар саясатының қарқынды дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене ат салысқаны үшін біршама жыл үздіктерін марапаттады. Солардың қатарында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың МП-17-13р тобының магистранты Әбдікерім Абылай облыс көлемінде 2017 жылдың "ҮЗДІК МАГИСТРАНТЫ" марапатына ие болды.