ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ жаңалықтары

«Жазықсыз жапа шеккен атпал азамат»

Жуырда Түркістан облысы Шымкент қаласында «Ұлт. Рух» қоғамдық бірлестігі мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихының архивінде белгілі қоғам қайраткері, Оңтүстіктің төл перзенті, саяси қуғын-сүргін құрбаны С.Үсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жазықсыз жапа шеккен атпал азамат» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің қонақтары болып М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-дың колледжі мен Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы, оқытушылары мен тыңдаушылары қатысты.

Ұлағатты ұстаздар игілікті іс бастады

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың колледжі мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында көп жылдар бойы студент жастарға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беруден жалықпаған, бүгінде зейнет жасындағы Қ.Мырзабеков, А.Әбді және Ж.Мәлібеков секілді ұлағатты ұстаздарымыз және колледж директоры С.Әлібектің бастамасымен №13 оқу ғимаратының ауласына қарағай ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Жастарды табиғатты қорғауға, және оған жанашырлық танытуға арналған бұл іс-шара, алдағы уақытта өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

«Қарттарымызды қадірлейік, жас буын!»

Еліміздің ертеңін, болашағын терең ойлаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев былтырғы жолдауында «2019 жыл–жастар жылы» деп жариялады. Бұл игі бастамалар мемлекетіміздің өркендеуіне ерекше ықпалын тигізіп отыр.

«Ана – тіршіліктің тірегі»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «8 – наурыз халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Ана – тіршіліктің тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік         іс-шараны 6-биология тобының тәлімгері С.Арапбаева мен топ тыңдаушылары ұйымдастырды.

«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы»

Еліміздің ертеңін, болашағын терең ойлаған Елбасымыз өткен жылғы жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Осы игі бастаманы қолдаған М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығы   14 ақпан күні №6 жатақханада тыңдаушылар мен студенттер арасында кеш ұйымдастырды. Кеш қонақтары болып тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директоры С.Мәжінбеков, университет аға тәлімгері С.Бейсенов және колледж директоры С.Әлібек қатысты.

М. Мақатаев және табиғат лирикасы

2019 жылдың 8 ақпан күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу дейінгі дайындық орталығында шетелден келген тыңдаушылардың қатысуымен ақиық ақын, поэзия мұзбалағы – Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармашылық жолымен танысу мақсатында үлкен іс-шара өткізілді.

Іс-шараны 9-география тобының тәлімгері Г.Сейдахметова мен 1-физика тобының тәлімгері Ғ.Қасымхан ұйымдастырды. Іс-шарада ақынның қара өлеңдері мен өлең сөздеріне жазылған әндері шырқалды.

«Түркістан – өркениет пен мәдениет бесігі»

Жуырда ОҚМУ колледжі мен ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Түркістан – ұлы даланың рухани ордасы» атты кездесу кеші өтті. Кешке белгілі жазушы, тарихшы М. Әбдәкімұлы, облыстық өзбек этномәдени орталығының төрағасы И. Хашимжанов, университет аға тәлімгері С.Бейсенов, студенттер мен оқытушылар қатысты.

«Тарихқа тағзым»

2019 ж 18.01-21.01 күндер аралығында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында шетелдегі қазақ  диаспорасынан келген орталық тыңдаушыларын тарихи отанының тарихымен тереңірек таныстыру мақсатында Университет музейі, Түркістан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі және облыстық тарихи-өлкетану музейлеріне саяхат ұйымдастырылды.

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Қазақстанның тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай, желтоқсанның 14-і күні Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік кеш болып өтті.  Мерекелік кеште 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткендігі және осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі дәріптелді.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттауға арналған дөңгелек үстел

13.12.2018 жылы Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттауға арналған дөңгелек үстел болып өтті. ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының аға оқытушысы А.Жанбай Елбасы мақаласының маңыздылығын талқылап, бұл мақаланың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүйелі жалғасы саналатынын айтып өтті.

Беттер