8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні!

07 наурыз 2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ акт залында 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шараны ректордың міндетін атқарушы М.И.Сатаев ашты. Өз сөзінде университет ұжымындағы барлық әйелдер қауымын  8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, құрмет медальдарымен және алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік іс-шара Қоғамдық кәсіптер факультетінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.