598367-EPP-1-2018-1-SE-EPPKA2-CBHE-JP –STEM «STEM- бағыттағы оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл»

2019 жылдың қаңтар айында М.Әуезов атындағы ОҚМУ  «STEM- бағыттағы оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл» тақырыбындағы  Еуропалық жобаның ЖОО бірлестігіне қатысты.

Жобаны жүзеге асыру уақыты: 15.01. 2019  – 14.01.2022 ж.ж.

Жобаның мақсаты: Болон процесінің ережелері мсен білім саласының (экономикасының) заманауи талаптарына сәйкес STEM мұғалімдерінің дайындық сапасын арттыру.

Жобаны жүзеге асыру жоспары:

  • STEM бағыттағы мұғалімдерді оқыту үшін магистрлік бағдарламаны дайындау;
  • М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да аймақтағы мұғалімдерді оқыту мақсатында аймақтық STEM-ресурстық-тренингтік орталығын құру;
  • Мұғалімдерді жаңа дағдыларға оқыту.

Күтілетін нәтижелер:

  • Магистратураның интеграцияланған оқу жоспары;
  • Жаңа/ жаңартылған модульдер мен курстар;
  • STEM-нің аймақтық орталығы;
  • Оқыту бағдарламалары;
  • Негізгі қатысушыларды  жаңа дағдыларға оқыту;
  • T&L ресурстары.

Ұйымдастырушылық кездесулер (kick off meeting)

2019 жылдың 18 наурызында Линчепинг (Швеция) қаласындағы Линчепинг университеті базасында «STEM- бағыттағы оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл»+ ЭРАЗМУС жобасына қатысушылардың ұйымдастырушылық кездесуі өткізілді. 

Жобаның жетекшісі/ грантты иесі: Линчепинга (Швеция) университеті.

Жобаның Қазақстандағы үйлестірушісі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті.

Серіктес университеттер:

 

  1. Линчепинга Университеті (Швеция);
  2. Лимерика Университеті (Ирландия);
  3. Хаджеттепе Университеті (Турция) ;
  4. Хельсинки Университеті(Финляндия);
  5. Оңтүстік Федералдық университеті (Россия)
  6. И. Кант атындағы Балтық Федералды университеті.
  7. Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті;
  8.  Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразиялық  ұлттық университет.
  9. С. Аманжолов атындағы Щығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.