М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 3-4-5 курс студенттері, 2 курс магистранттары арасында 2019 жылдың екінші жарты жылдығына Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындауға конкурс жариялайды

Сипаттама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі №136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережелеріне сәйкес, стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге, сонымен қатар республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторларына, ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар, табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын, білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатын студенттерге беріледі.

Жеке құжаттар тиісті факультеттер мен жоғары  мектеп деканаттарына 2019 жылдың 14 маусымына дейін өткізілуі тиіс.

Құжаттар тізімі:

1)    ректордың атына жазылған, деканның бұрыштамасы қойылған өтініш;

2)    деканның қолы қойылған ұсыныс;

3)    тәлімгер мен кафедра меңгерушісінің қолдары қойылған мінездеме;

4)    транскрипт;

5)    грамоталардың, дипломдардың, куәліктердің, сертификаттардың, ғылыми еңбектер жарияланылымдарының көшірмелері;

6)    жетістіктер тізбесі енгізілген кесте;

7)    файлдық папка

 

Start Date - End Date

Jun 7th, 2019 - Jun 7th, 2019

Start Time - End Time

5:15 pm - 5:15 pm

Event Location

Cost

Категория

Тэгтар

Organizer

Phone

Email

Share This