25 маусым 2019 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ға Эрджиес университетінің делегациясы келді

25 маусым 2019 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне Эрджиес университетінің делегациясы (Түркия) келді. Іс-сапар аясында делегация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызымен кездесті, кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды және шетелдік ғалымдарды тарту, оның ішінде жоғары оқу орнының топ-менеджмент бағдарламасы, студенттер мен ОПҚ академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен Mevlana алмасу бағдарламаларына қатысу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, шетелдік делегация филология факультетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесіп, Эрджиес университетінің қызметі туралы толық ақпарат берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Erciyes University-Түркияның жоғары мемлекеттік оқу орны. Erciyes University 1978 жылы негізі салынған, елдің ең беделді университеттерінің TOP-20 тізіміне енеді.