«1 наурыз» Алғыс айту күні.

28 ақпан 2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ акт залында университеттің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментке қарасты «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен, «1 наурыз» Алғыс айту күні мерекесіне орай мерекелік концерттік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзімен ректор аппаратының жетекшісі, т.ғ.д., профессор Д.С.Сабырханов ашты. Өз сөзінде оқытушы-профессорлар құрамын, шақырылған қонақтар мен студенттерді келе жатқан «1 наурыз» Алғыс айту күні мерекесімен құттықтады. Ректор аппаратының жетекшісі, т.ғ.д., профессор Д.С.Сабырханов этномәдени қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерін біздің елімізде туратын халықтар ынтымақтастығын нығайтуға сіңірген еңбектері үшін алғыс хаттармен марапаттады. Алғыс айту күні мерекесіне орай университеттің Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастыруымен мерекелік концертке ұласты.