Skip to Content

International Conference of Industrial Technologies and Engineering – 2015

2015 жылдың қазан айының 30-31 күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Second International Conference of Industrial Technologies and Engineering (Ӛндірістік технологиялар және инжиниринг атты екінші Халықаралық конференция) болып ӛтті.
Конференция жұмысы инжиниринг және ӛндірістік технологияларға, олардың ӛнеркәсіпте қолданылуына бағытталған.
Конференция ӛткізудің мақсаты АТ-технологиялардың, энергиясақтау, балама энергетика, табиғатты тиімді пайдалану мен экология, нано- және биотехнологиялар, химиялық технологиялардың зерттеу аумағы бойынша ғылыми зерттеулер нәтижесі мен инженерлік білімді дамыту мәселелерін талқылау.
Конференция жұмысына маңызды ғылыми зерттеулері бар Қазақстан Республикасы мен шетелдік (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Малайзия, Түркия , Қытай, Оңтүстік Корея Ресей, Польша, Беларусь, Украина, Ӛзбекстан ) жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, профессор, оқытушылары және ӛкілдері шақырылды.
Конференцияға серіктестер мен ұйымдастырушылар: Вулверхэмптон университеті (Ұлыбритания); Иваново мемлекеттік политехникалық университеті, Д.И.Менделеев атындағы химия-технологиялық университеті, Мәскеу энергетикалық университеті, Сәулет және құрылыс Новосібір мемлекеттік академиясы (Ресей); Белорус мемлекеттік технологиялық университеті; В.Корфантый атындағы Верхнесилез экономикалық университеті (Польша); Эге университеті (Түркия); Тохоку халықаралық білім беру Университеті (Жапония); Путра Малайзия университеті; Ақдениз университеті (Түркия); М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университеті және Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті; Верхносилез экономикалық университеті (Польша); Хохенхэйм Штудгарт университеті және Қолданбалы ғылымдардың Гамбург жоғары мектебі (Германия); Евразия университеттері Ассоциациясының мүшелері, Қазақстан және Белорус арасындағы білім беру Консорциумының ӛкілдері және т.б. шақырылды.
Конференция аясында жоғары оқу орындарымен G-Global коммуникативтік қарым-қатынас платформасында онлайн – режимінде Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Алматы технологиялық университеті және Алматы энергетика және байланыс университеттері арасында тікелей трансляция жүргізілді, онда нано - био және жасыл технологиялар жайлы ӛзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияға 135 тен астам мақала түсті, шетел жоо мен ғылыми мекемелерінен 40, шетел ғалымдарымен бірлескен мақалалар 65, оның 30-ы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен. Конференция материалдарынан 1 том жинақ шығарылды.Пленарлық және секциялық мәжілістерде 117 баяндама тыңдалдып, талқыланды, оның 93–негізгі баяндама және 24-і стендік. Конференция жұмысына 537 профессор-оқытушылар, 212 магистрант, 596 студенттер қатысты.
ІСІТЕ-2014 конференция еңбектерін «Scopus» процединг базасына ендіруге (тір. №CE56A4AF25CBD4FA) ӛтініш берілген, ІСІТЕ-2015 Ӛндірістік технологиялар және инжиниринг атты екінші Халықаралық конференция материалдары «Scopus» базасына желтоқсан айында беріледі.


Абзал Орымбетов | news