Skip to Content

“Жас Отан” Жастар қанаты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Жас Отан» Жастар қанаты

 

«Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы
Қуаныш Нұрлыислам Байболсынұлы
Мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы,
М.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті
бас ғимаратында каб 107
байланыс телефоны: 8-702-205-08-95
эл.почтасы: nurislam95kz@mail.ru
http://vk.com//zhastar.kz
 
 
 
«Жас Отан» Жастар қанатының тарихы «Нұр Отан» партиясының қызметімен тығыз байланысты. 

 

2008 жылға дейін дербес заңды тұлға ретінде тіркелмеген «Жас Отан» ЖҚ партия басшылығымен бастау алған жобаларды жүзеге асыруға қатысты.

2008 жылдың 17 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Осы отырыста Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. «Жас Отан» Жастар қанатының алғашқы съезі осы жылдың көктем айына белгіленді.

«Жас Отан» ЖҚ 2008 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде жұмыс жасайды.  Университет студенттерінің 7000 астамы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі болып табылады, оның қызметі Елбасының саясатын қолдауға, жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға, сонымен қатар патриоттық тәлім-тәрбие беруге бағытталған. «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділерінің ұйымдастыруымен отан сүйгіштік тәрбиеге байланысты түрлі іс-шаралар, оның ішінде «Желтоқсан ызғары», «Біз, жастар – ел болашағымыз» атты дөңгелек үстел, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулер, «Күз аруы» байқауы және т.б. түрлі іс шаралар өткізілді. 

 

Университет ректоры Ж.Ү.Мырхалықов студенттермен кездесулер өткізіп, студенттердің көңіл-күйі, жатақхана жағдайы мен өзге де проблемаларымен танысып, тиісті тапсырмалар берген болатын. 
 

«Жас Отан» Жастар қанатының қызметінің мәні:

 

  • Жастар арасында мемлекет Басшысы және «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру;
  • Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процестеріне тарту;
  • «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген міндеттерді халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;
  • Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымын, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауда қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
 

 

Сіз біз арқылы:

  • Жаңа және сенімді достар таба аласыз;
  • Мәдени және кәсіби деңгейіңізді көтере аласыз
  • Сөйлеу, ортада өзінізді ұстау мәдениетіне уйрене аласыз;
  • Елімізде патриотизмді дамытуға үлесіңізді қоса аласыз;
  • Студенттік өміріңізді қызықты да, ерекше өткізе аласыз;
  • Өмірлік және болашақ жұмысыңызға практика жинай аласыз;
  • Оқу орныңыздың атын шығаруға үлесіңізді коса аласыз.

 

“Жас Отан ” ЖҚ мақсаты:

 

  • “Жас Отан ” ЖҚ-ның мақсаты – Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы мен олардың зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік- экономикалық, саяси және басқа да жағдайлар жасау;
  • “Жас Отан ” ЖҚ - “Нұр Отан ” партиясының саясатын белсенді жүргізуші жастар арасында оның қызметі мемлекет басшысының және «Нұр Отан» партиясының жастар арасында саясатын қолдаушыларды қалыптастыруға бағытталған;
  • Қалыптасқан мемлекеттің берік іргетасын орната отырып, алдағы кезде де халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайту;
  • Біздің өзекті мақсатымыз – орнықты экономика мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың арқауы болып табылатын қуатты орта тапты қалыптастыру.

 

 

«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:

 

  • Жастар ұйымдарымен және басқа елдердің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау;
  • ҚР парламенті депутаттығына, жергілікті және өзін-өзі басқару органдарына кандидаттарды ұсыну;
  • Республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессия аралық келісімді қолдауға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу және оларға қатысу;
  • Қызметі «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарын, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін барлық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық жасау;
  • Жастар бағдарламаларын, жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеуге, қаыблдауға, бекітуге және оларды іске асыруға белсенді қатысу;
  • Еліміздегі жастардың мәдени-бұқаралық, спорт, қайырымдылық және балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалыстарын дамытуға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;

«Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ қызметінің түрлі бағыттары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу.



Абзал Орымбетов | page