Skip to Content

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

      Үстіміздегі жылдың 12.06-28.08.2017. мерзімі аралығында университетің 17 оқытушысы 2015-2020 жылға дейінгі үш тілді білім беруді дамыту Жол картасының міндеттерін жүзеге асыру аясында   ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орындары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдары мамандарының біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау» 224 бюджеттік бағдарламасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (Алматы қ.) «Биология» және «Химия» мамандықтары бойынша жеделдетілген тілдік (ағылшын) дайындық курстарында біліктілігін арттырды.

Жоғары оқу орындарының пән оқытушыларына арналған Халықаралық үлгідегі сертификат берумен аяқталатын курстың оқу бағдарламасы 720 сағатқа жоспарланған және ол негізгі  2   кезеңнен тұрады:

 

1 кезең -   1-6 апталар -  күндізгі оқыту түрінде;

2 кезең – 7-12 апталар – онлайн оқыту түрінде.

Оқудың аяқталу формасы университет базасында тестілеу түріндегі қорытынды бағалау түрінде өткізілді.

Жалпы 2016-17 оқу жылында университетіміздің 52 оқытушысы аталған бағдарлама негізінде біліктіліктерін арттырды.



Абзал Орымбетов | news