Skip to Content

Құрметті әріптестер мен студенттер!

     Сіздерді  жаңа оқу жылының басталуы мен Білім күнімен құттықтаймын!

Біздің  жоғары оқу орнымыздың табалдырығын  алғаш рет аттағалы отырған  студенттерді қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Бүгін  сіздер алғаш  рет  студенттік өмірге қадам жасап отырсыздар.  4 жылға біздің жоғары оқу орнымыз сіздерге  жақын  үй  мен орын болып, сол жерде  сіздер есейіп, кәсіби тұрғыда өсесіздер.  

       Шын жүректен сіздерді өмірлеріңіздегі осы маңызды күнмен құттықтаймын! Сіздерге жетістіктер мен табыс тілеймін. Ғылым   даналығы мен  таным қуанышына  жетуге және жаңа  жаңалықтарға ұмтылыс жасаңыздар.  Ешқашан  қол  жеткізген  жетістіктермен тоқтап қалмаңыздар!

Құрметті әріптестер, осы мерекелі күнде сіздерге жоғары кәсіптіліктеріңіз бен  педагогикалық атаққа беріктіктеріңіз  үшін алғысымды білдіремін!  М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымының   бірлесіп істеген жұмысының арқасында  университет жоғары белесті бағындырды. Еліміздің үздік университеттерінің  Ұлттық Рейтингісінде  3- сатыға көтеріліп, ал   Білім беру сапасын қамсыздандыру Тәуелсіз қазақстандық агентігінің  өткізуімен  Қазақстан  жоғары оқу орындарының Бас рейтингісінде университет мәртебелі   үшінші орынға ие болды.

 Осы жыл  да жемісті және табысты болатындығына сенімдімін. Сіздерге  жаңа оқу жылында зор денсаулық, еңбекте табыс, таусылмас энергия мен оптимизм тілеймін !

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры,

Т.ғ.д., профессор,  ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Мырхалыков Жұмахан Ушкемпирович



Абзал Орымбетов | news