Skip to Content

Хабарландыру

Студенттердің инновациялық кәсіпкерлігі «Stаrtup for young South Kazakhstan» байқауына өтініш (құжаттарды) қабылдау мерзімі 2016 жылдын 1 ақпаннан 2 науырыз айына дейін, байқауға Оңтүстік Қазақстан облысының студенттері мен магистрантары арасында өтіледі, дарынды жастарды анықтау үшін, «Stаrtup for young South Kazakhstan» Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдардың және жас инноваторлардың бизнес-жобалар деректер базасын құру мақсатында өткізіледі.

«Stаrtup for young South Kazakhstan» бизнес-жобалар байқауына ғылым, бизнес, мәдениет, білім және техника салаларындағы, жеке немесе топтық орындалған жұмыстар қабылданады.

«Stаrtup for young South Kazakhstan» байқау 2 (екі) кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезең - іріктеу;

2) екінші (қорытынды) кезең - мәнi бойынша сараптама.

Бизнес-жобалар байқауының байқау комиссиясының шешімі негізінде 1, 2, 3 орындар алған жеңімпаздары I, II, III  дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министірлігі мен Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министірлігі байқауларына ұсынылады.

Байқау М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті негізінде өткізіледі (№16 ғимарат 205¢ бөлме, СҒЗЖ бөлімі).

Сілтеме - Қосымша 9-беттен тұрады.

Байланыс телефоны:

8 7252 30-02-47



Абзал Орымбетов | news